ойын сауық отауы
Отан, ел, туған жер, қоғам туралы мақал-мәтелдер
06.09.2018 29 976 0 Дауыл

Отан, ел, туған жер, қоғам туралы мақал-мәтелдер

Мақал-мәтелдер
Отан, ел, туған жер, қоғам туралы мақал-мәтелдер

Отан — елдің анасы, ел — ердің анасы.
***
Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
***
Отанды сүю — от басынан басталады.
***
Отан оттан да ыстық.
***
Ел іші — алтын бесік.
***
Пәлен жерде алтын бар, өз жеріңдей қайда бар.
***
Ел - елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен де жақсы.
***
Ел аралаған сыншы болады, тоғай аралаған үйші болады.
***
Әркімнің өз жері — жұмақ.
***
Ер — елінде, гүл — жерінде.
***
Өз елінде көртышқан да батыр.
***
Өз елінің иті де қадірлі.
***
Туған жердің қадірін, шетте жүрсең білерсің.
***
Ауыл итінің құйрығы қайқы.
***
Отан үшін күрес — ерге тиген үлес.
***
Үйде оңбаған, түзде де оңбайды.
***
Құртақандай торғай да, өз ұясын қорғайды.
***
Бақа көлінде патша, балық суында патша, жігіт елінде патша.
***
Пәлен жерде алтын бар, іздеп барсаң мыс та жоқ.
***
Елінен безген ер болмас, көлінен безген қаз болмас.
***
Сағынған елін аңсайды, сары ала қаз көлін аңсайды.
***
Ат айналып қазығын табар, ер айналып елін табар.
***
Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң.
***
Жат жердің қаршығасынан, өз еліңнің қарғасы артық.
***
Ерінен айырылған көмгенше жылайды, елінен айырылған өлгенше жылайды.
***
Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.
***
Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.
***
Орағың өткір болса, қарың талмайды, Отаның берік болса, жауың алмайды.
***
Туған жердің ауасы да шипа.
***
Ит тойған жеріне, ер туған жеріне.
***
Егілмеген жер жетім, елінен айырылған ер жетім.
***
Отанға опасыздық еткенің, өз түбіңе өзің жеткенің.
***
Туған жерге туың тік.
***
Жақсы жігіт жер шолып, ақыр түбі айналар.
***
Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
***
Ат үйірін сағынса, артқы аяғын қағынар, ер үйрін сағынса, айыл - тұрман тағынар.
***
Әркімнің өз жері — Мысыр шаһары.
***
Тұғырына саңғыған сұңқар оңбас, үйірінен қаңғыған тұлпар оңбас.
***
Ел іші алтын бесік.
***
Өз елімнің басы болмасам да, сайының тасы болайын.
***
Құлан өз қағынан өзі жерімес.
***
Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.
***
Айырылған ел тозады, қосылған ел озады.
***
Адассаң еліңмен адас.
***
Әдепсіз үйге кірме, әкімсіз елде тұрма.
***
Әр елдің заңы басқа, иттері қара қасқа.
***
Бейбіт елде береке бар.
***
Бірлігі жоқ ел тозар, бірлігі күшті ел озар.
***
Бозбала бастаған ел оңбас, құралай бастаған киік оңбас.
***
Бүлінген елден бүлдіргі алма.
***
Болар елдің баласы, бірін - бірі батырым дейді, тозар елдің баласы, бірін - бірі қатыным дейді.
***
Айырылма жұртым, үйіріңнен, айырылсаң үйіріңнен, қолың кетпес бүйіріңнен.
***
Ел ағасыз болмас, тон жағасыз болмас, басшысыз елде береке болмас.
***
Ел ағасыз болмайды, су сағасыз болмайды.
***
Ел алмаған орнында елу жыл жатады.
***
Ел аузы — дуалы. Ел аузына қақпақ болмайсың.
***
Туған жердің жуасы да тәтті.
***
Ел барда ер қор болмас, ер барда ел қор болмас.
***
Елдің ерлігі ерінен танылар, елдің байлығы жерінен танылар.
***
Ел ебелек емес, ер көбелек емес.
***
Ел қадірін білмеген — зәнталақ, көл қадірін білмеген — дуадақ.
***
Ел құлағы елу.
***
Ел қонысынан айырылса, ер қонысынан айырылады.
***
Ел алдына шықпаңыз, түндікті дұшпан ашпасқа, ел соңында қалмаңыз, көзіңді шыбын баспасқа, ел ортадан кетпеңіз, қарыныңыз ашпасқа.
***
Ел - елдің түбі бір, ер - ердің тілегі бір.
***
Ел жасымен көрікті, тау тасымен көрікті, аяқ асымен көрікті.
***
Ел даусыз болмас, жер жаусыз болмас.
***
Ел іші — береке, көп ісі — мереке.
***
Ер қозғалса, жер көтермес ауыр бар, жел қозғалса, қарлы боран дауылы бар.
***
Ел ұрысыз болмас, жер бөрісіз болмас.
***
Ел ұлсыз болмас, жер гүлсіз болмас.
***
Ел үмітін ел ақтар, ер атағын ел сақтар.
***
Ел үшін еркек кіндік құрбандық. Ел — ырыстың кілті, ер — ырыстың қорғаны.
***
Иті семіз, малы арық — жер азғаны, ынтымағы болмаса — ел азғаны.
***
Елдің көркі ерімен, жердің көркі шөбімен.
***
Ел шетіне жау келсе, арыстандай айбарлы, батырлардың бары игі.
***
Елде болса ерінге тиер, ауылда болса ауызға тиер.
***
Елің жаман болса, бір жақсыны сағала, атың жаман болса, ақ текенің мүйізімен тағала.
***
Елшіге өлім жоқ.
***
Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан.
***
Елдің күші — елу батпан.
***
Елің еміренсе, сен тебірен.
***
Елін сатып асаған, екі күн - ақ жасаған.
***
Едді сөкпе, кенді төкпе.
***
Ел мен ел қосылады, тау мен тау қосылмайды.
***
Ердің ісі елдің мойнында, елдің ісі ердің қолында.
***
Елу жылда ел жаңа, жүз жылда — қазан.
***
Есі бүтін елден кетпес.
***
Есің бар да елің тап, есер болмай, етек жап.
***
Естімеген елде көп. Ерден аспақ бар, елден аспақ жоқ.
***
Ерден безсең де елден безбе!
***
Ердің сыншысы — елі.
***
Жолдасын таппаған ер азады, басшысын таппаған ел азады.
***
Жер таусыз болмас, ел хансыз болмас.
***
Жігіті жүзге жеткен елді, жүзі қара кемітер.
***
Елмен көгерген еленбес.
***
Жұрт бойдаққа қалды, жүк тайлаққа қалды.
***
Жұрт ауызы — уәлі.
***
Жұртымның жұртында қалайын.
***
Кеңесті ел кем болмас.
***
Кең киім тозбайды, кеңесті ел азбайды.
***
Кеңескен ел азбайды, кен пішкен киім тозбайды.
***
Кісі елінде күркірегенше, өз еліңде сіркіре.
***
Көлден кетсе жалбыз мұң, елден кетсе, жалғыз мұң.
***
Опасызда отан жоқ.
***
Қалыптан шықсаң да, халықтан шықпа.
***
Қайраны жоқ көлден без, қайырымы жоқ елден без.
***
Қара жерді жамандама, қайтып сонда барарсың, қауым елді жамандама, қарғысына қаларсың.
***
Қатты жерге қақ тұрар, ынтымақты елде бақ тұрар.
***
Қармақтың дәні болғанша, бидайдың сабаны бол, жаман елдің жақсысы болғанша, жақсы елдің жаманы бол.
***
Ынтымақты елге ешкім жетпес, ынтымағы кетсе, өкініші кетпес.
***
Менде болсын, менде болмаса елде болсын.
***
Миға ерген дене азбайды, милыға ерген ел азбайды.
***
Отан үшін отқа түс, күймейсің, арың үшін арпалыс, өлмейсің.
***
Отансыз ұл — ормансыз бұлбұл.
***
Өз елім — алтын бесік, жат елдің — түбі тесік.
***
Өз жұртын танымаған, кісі еліне би бола алмас.
***
Саудагер — қасық, ел — теңіз.
***
Өзгеге ұл болғанша, өз еліңе құл бол.
***
Өзім үшін туыппын, жұртым үшін өліппін.
***
Өз елімнің басымын, басы болмасам сайының тасымын.
***
Өкпеден тиген жел жаман, елінен безген ер жаман.
***
Ұлықсыз жұрт — бассыз дене.
***
Тау белгісі тас болар, бай белгісі ас болар, азған елдің белгісі — біріне - бірі қас болар. Шетте жүрсең тарығарсың, туған елді сағынарсың.
***
Қасықтап алғанмен көл таусылмайды, қанша ұры алғанмен ел таусылмайды.
Дереккөзі: adebiportal. kz

Отан туралы мақал - мәтелдер жинағы Отан туралы мақал - мәтелдер жинағы
Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас.
Ауыл туралы мақал - мәтелдер Ауыл туралы мақал - мәтелдер
Ауыл аймағымен, бота тайлағымен.
Әке туралы мақал - мәтелдер Әке туралы мақал - мәтелдер
Алты аға бірігіп әке болмас, Жеті жеңге бірігіп ана болмас.
Туған жер туралы мақал - мәтелдер Туған жер туралы мақал - мәтелдер
Туған жер туралы мақал - мәтелдер Аққу көлін аңсайды, Адам туған жерін аңсайды. Ата қоныс — алтын мекен.
Туған жер - Отан туралы мақал-мәтелдер Туған жер - Отан туралы мақал-мәтелдер
Қазақ және әлем халықтарының таңдамалы мақал - мәтелдері
Туған жер – отан туралы мақал-мәтелдер Туған жер – отан туралы мақал-мәтелдер
Туған жерге туың тік. Ит тойған жеріне, Ер туған жеріне.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×