ойын сауық отауы
Мақал – мәтелдер – Адам туралы
06.09.2018 5 023 0 Дауыл

Мақал – мәтелдер – Адам туралы

Мақал-мәтелдер
Мақал – мәтелдер – Адам туралы

Ат аяғынан семірер,
Адам құлағынан семірер.

Екі кісі ығысса,
Бір кісілік орын бар.

Адам сөйлескенше,
Жылқы кісінескенше.

Бұрынғының кісісі —
Бүгінгінің кішісі.

Ағаш көркі — жапырақ,
Адам көркі — шүберек.

Кісі аты тершіл,
Кісі киімі кіршіл.

Кісідегінің кілті - аспанда.

Кісі қатесіз болмас,
Көл бақасыз болмас.

Жұпарды жасыра алмайсың.

Болған кісі, болдым демес,
Болдым десе, болғаны емес.

Ай толғанын білмес,
Жігіт болғанын білмес.

Дүниеде тас қатты,
Тастан бас қатты.

Адам құлақтан азады,
Қаңқудан тозады.

Жігіттің құны — жүз жылқы,
Ары — мың жылқы.

Адаспаймын деген жігіт,
Талтүсте адасады.

Төсектің тарлығы — тарлық,
Көңілдің тарлығы — қорлық.

Ақылды адам айтқызбай біледі,
Ақ сұңқар қаққызбай іледі.

Аш адам ұрысқақ,
Ақсақ қой тырысқақ.

Біреуге мал қайғы,
Біреуге жан қайғы.

Табы бірдің — тәңірі бір.

Сыртың сайлы болғанша,
Ішің майлы болсын.

Ақылдының айналасы — гүлстан,

Ақылсыз адам айқай келеді,
Жан - жағын жайпай келеді.
Ақылды адам жай - жай келеді,
Жан - жағын байқай келеді.

Жолдасты жол айырады.

Қарау адам — күншіл,
Мекер адам — міншіл.

Сырты жалтырауықтың
Іші қалтырауық.

Жерік талғамайды,
Ғашық алдамайды.

Жаным десе, жан семірер.

Көз — нұрдың ұясы,
Көңіл — сырдың ұясы.

Жақсының жүрген жері — абат.

Қатты жауған күн
Тез ашылады,
Қатты ашуланған кісі
Тез басылады.

Саналы адам
Сағыңды сындырмас,
Санасыз адам
Жағыңды тындырмас.

Екі аяқты адам түгіл
Төрт аяқты мал да сүрінеді.

Қағазға тіл бітірген қалам,
Жансызғажан бітірген — адам.

Әлсіз адам — сүріншек,
Ақылсыз адам — еріншек.

Біреудің бойы аласа,
Біреудің ойы аласа.

Жүні жығылғанның —
Күні жығылған.

Сыйлық қымбат емес,
Сүю қымбат.

Жұпыны — жұғымды,
Сыпайы — сүйкімді.

Талансыз адам — табансыз,
Алымсыз адам — шалымсыз.

Көп іздеген адам,
Көмбенің үстінен шығар.

Болар адам — он бесінде бас болар,
Болмас адам — қырық бесінде жас болар.

Түсі игіден түңілме.

Дуадақ шөлін мақтайды,
Көкала қаз көлін мақтайды,
Кемеңгер елін мақтайды,
Дихангер жерін мақтайды.

Бір беткей адам — бірлікті бұзады,
Теріс мінез адам тірлікті бұзады.

Кісі арасында кісі бол,
Үлкені болма, кіші бол.
Қызмет қылсаң жорғалап,
Маңдайдан терің сорғалап,
Азаматтың ісі бұл.

Жүйрік бестіден шығар,
Кеңес келістіден шығар.

Қатынның қары күлегеш,
Еркектің қоры күлегеш.

Қайырсыз адам — сараң,
Құм ішінде шөлмен тең.
Қайыры мол адам —
Суаты шалқар көлмен тең.

Адам аласы ішінде,
Мал аласы сыртында.

Жақсы адам — елдің көркі,
Жауқазын гүл — жердің көркі.

Адамның ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде.

Көкірегі жел адам — өр кеуде,
Көкірегі көр адам — жай пенде.

Адамның сырты — алдамшы.

Адам қайғысы — заман қайғысы.

Адамды алдау —
Арыңның алдында қылмыс.
Ағаңды алдау —
Анаңның алдында қылмыс.

Сыпайы, киімді киіп тоздырады,
Сараң, киімді жиып тоздырады.

Адамды өмір үйретеді,
Үйренбесе, күйретеді.

Біреу, біреуге сүйеу.

Бақыт — қолға қонған құс.
Байлық — қолға ұстаған мұз.
Құс ұшып кетеді
Мұз еріп кетеді,
Дүниенің қызығы — сіз бен біз.

Асы бар қазан сүйкімді,
Досы бар адам сүйкімді.

Бір адам — самал,
Екі адам — амал,
Үш адам — жамал,
Төрт адам — қамал.

Адамның құлқы түзелмей,
Өмірдің құлпы түзелмейді.

Желауыз адамға, сыр айтпа,
Жебір ауыз адамға, мұң тайпа.

Асауды бас білдіретін жігіт бар.
Адамды аздырмайтын үміт бар.

Адамға адам жат емес.

Бейтаныс кісі
Бітеу жаңғақ.

Қайырсыз адам болмаса да,
Қайғысыз адам болмас.

Ағадан — ақыл,
Ініден — ізет.

Адам жайлы мақал - мәтелдер Адам жайлы мақал - мәтелдер
Адам құлақтан азады, Қаңқудан тозады, Көңілден семіреді.
Адам туралы мақал - мәтелдер Адам туралы мақал - мәтелдер
Адам адаммен, жер сумен.
Ақымақ, ақылсыз туралы мақал - мәтелдер Ақымақ, ақылсыз туралы мақал - мәтелдер
Ақымақ жауынды күні суға түсер
Жігіт, ер туралы мақал - мәтелдер Жігіт, ер туралы мақал - мәтелдер
Жігіт, ер туралы мақал - мәтелдер Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені Азынаған айғырды үйірде көр, Адамсыған жігітті үйінде көр.
Ақымаққа айла жоқ, айтқанменен пайда жоқ Ақымаққа айла жоқ, айтқанменен пайда жоқ
Ақымақ бастан ақыл шықпас, ақыл шықса да мақұл шықпас.
Адам және оның қасиеттері туралы мақал мәтелдер Адам және оның қасиеттері туралы мақал мәтелдер
Атаңның баласы болма, Адамның баласы бол.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×