Жұмбақтар
Жұмбақтар – қазақ халық ауыз әдебиеті ішінде атадан балаға мұра ретінде беріліп, ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу, толығу үстінде келе жатқан асыл мұра. Жұмбақтардың асылдық қасиеті, оның дүниеге келуі сонау ерте заман болса да, бүгінгі біздің дәуірімізде қажеттілігі күшейіп мән – маңызының артып отырғандығында.
Жұмбақтар халық ауыз әдебиеті ішінде ұсақ жанрлар қатарына жатады. Жаңылтпаштар, мақал – мәтелдер, т. б. Сияқты ұсақ жанрлар деп аталғанымен, жұмбақтар – халық ауыз әдебиетінің күрделі бір саласы.
Жұмбақтар балалардың байқағыштық, зеректік қасиетін дамытып, ақыл – ойын арттырады, көрген – білген нәрселердің бәріне ой жүгіртіп, өзгешелігін, ұқсастығын танып ізденушілікке үйретеді және ойды жинақы, ықшам айту шеберлігін жетілдіреді.
Құстар туралы жұмбақтарҚоңыр мамық шапаны,
Жұқа жарғақ табаны.
Өр кеудесі қайқандап,
Жүретін кім байпаңдап?
Қаз
Үлпілдеген жүні бар,
Бояудың мың түрі бар,
Қауырсыны құбылар.
Қара доғал еңкиген,
Тұмсығы бар дөңкиген.
Қара мына ғажапқа,
Өзі шебер мазаққа.
Таңдандырып өзіңді,
Қайталар кім сөзіңді?
Тоты
Сирағы ұқсас қамысқа,
Мойыны имек сорайған,
Қауқиған кім алыста
Қарақшыдай қарайған?
Тырна
Айдыннан шалқыған
Телпек көрдім қалқыған.
Үйрек
Бақ та, бау да, орман да,
Естіртіп үнін бар маңға,
Жұрт тыңдайтын тамсанып,
Сан құбылтып ән салып,
Жататұғын бір тынбай,
Құсты аташы құртымдай?
Бұлбұл
Қанат қағып шарықтап,
Мұхит асыпқалықтап,
Шарлап бүкіл әлемді,
Шаттандырып әр елді
Бейбіт күнге сән болған,
Бұл қандай құс ән болған?
Көгершін
Суылдатып қанатын,
Жемін көрсе құлдилап,
Кеудесімен соғатын,
Тұяғымен ілетін,
Кім бар кәне, балалар,
Ұшқыр құсты білетін?
Лашын
Тырнағы үшкір діңгектей,
Тұмсығы имек ілгектей,
Қанатын жайып шүйілсе,
Аң - құс қалар бүлк етпей.
Бүркіт
Құс көрдім тырна сияқты,
Сидиған ұзын сирақты.
Шалшықтан бақа ұстауға
Қимылы ерен, ширақты.
Ләйлек
Тұмсығымен қашайды,
Дімкес діңді теседі.
Зиянкесті асайды,
Ағаш таза өседі.
Тоқылдақ
Шекесінде айдры
Болғанмен, жоқ айбары.
Балапанмен, жоқ айбары.
Балапанын бақпайды
Үй - жайында жатпайды.
Өзінің аты тек айтары қайталап,
Мұны кім, кәне айта алады?
Көкек
Таусылмайтын жылуы,
Көлдің ерке сұлуы.
Аққу
Ит қуса да арсаңдап,
Аяғын басар алшаңдап.
Қаз
Кешінде де
Керек емес жарық бір,
Неге десең,
Екі көзі жайнап тұр.
Үкі
Тал басында ағаш үй,
Терезесіз тамаша үй.
Соны мекен етеді,
Қыста алысқа кетеді.
Қараторғай
Сөйлесе – сөзді,
Айтса – ауызды.
Тынысы басқа,
Маңдайы қасқа.
Тотықұс
Көк жүзінде жылжып жай,
Керуен құрған түзіліп,
Ілгек - ілгек шынжырдй,
Қалмайды олар үзіліп.
Тырна
Сайрайды бір талмайды,
Әнші құс бал таңдайлы.
Бұлбұл
Екі айыр құйрығы,
Қияқ мұрт қанаты,
Ұшқырлардың жүйргі.
Қарлығаш
Қызыл, бұжыр айдары бар,
Қоқиланған айбары бар.
Ацық - ацық азан салып,
Өңеш керген айқайы бар.
Қораз
Кеудесі қайқандап,
Жүреді балпаңдап.
Қаз
Екі айыр құйрығы,
Қияқ мұрт қанаты,
Ұшқырлардың жүйрігі.
Қарлығаш
Әдемі бір ырғақ
аспаннан шалқып тұр.
Бозторғай
Шуға бөлеп жағаны,
Қанаттарын қағады,
Айдын судың түлегі,
Шабақ іліп жүреді.
Шағала
Қалқан құлақ,
Қанаты бар шатырдай.
Жардан жырақ,
Түнде ұшады батырдай.
Жарқанат
Секектеп бір тұрмайды,
Өреден құрт ұрлайды.
Сауысқан
Қара түсті қарқылдақ,
Ұшып – қонып жалпылдап.
Қоқыстарды шоқиды,
Жем іздейді там – тұмдап.
Қарға
Айдары шағын,
Қаракүрең сауыры
Аппақ қардай бауыры.
Қызғыш
Бояуы сан түрлі,
Түрі ұқсас тауыққа.
(Бұлдырық)
Қауырсыны көгілдір,
Кішкене құс.
Беткейде өріп жүр.
Кекілік
Жануарлар туралы жұмбақтарЖуретұғын әрдайым
Жануар мұндай қайда бар?
Ішкен суын әрдайым
Ақ сүт етіп қайтарар.
Сиыр
Ұзын құйрық есік ашты,
Қара домалақ тура қашты.
(Түйе, құмалақ)
Түйе, құмалақ
Орманнан, жалпақ даладан
Бал іздеп бір аң жортады.
Кіп - кішкентай арадан
Үп - үлкен боп қорқоды.
Аю
Өзі үлкен жануар,
Үстінде екі тауы бар.
Түйе
Тікенді шөп тістеген,
Ұзақ күн су ішпеген
Таудай биік жоталы
Кім біледі... (ботаны)
Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады.
Қоян
Құйрығы ұзын, тұмсығы қысқа
Бұл өзі аң ба, құс па?
Түлкі
Мойыны тұтасқан,
Ауызы апан.
Жаны жуан,
Бұты талтақ.
Бегемот
Басы жалпақ,
Бұты талтақ.
Бақа
Түзде, таста,
Жөні басқа.
Сүйір тұмсық
Әрі қысқа келте сирақ,
Бес саусақ, басын жерден алмайды.
Терең ұя таңдайды.
Борсық
Ойлан, балам, ол жануар,
Жеті қазынаның бірі болар.
Ит
Тікірейіп құлағы,
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті - қолын жуады.
Мысық
Үй ішін аралап,
Түнде көп жортады.
Қаптарды жарып,
Мысықтан қорқады.
Тышқан
Мен жер асты тұрғынымын,
Жер қазушы, құрылысшы.
Қане, достар, айтындаршы
Бұл қандай жұмысшы?
Көртышқан
Қыс бойы жатады
Тәтті ұйқыға батады.
Аю
Жапырақ жоқ бұтасында,
Қос емен өсіп тұр бұтасында.
Бұғы
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар.
Ешкі
Аласа ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
Қой
Айбарлы сұсы бар,
Қанжардай сұсы бар.
Тұла бойында
Тасыған күші бар,
Күжірейген жалды,
Білсең айт бұл аңды?
Арыстан
Қаймықпайды күшті аңнан
Қорқады тек тышқаннан.
Піл
Тұрқы, түрі
Жылқы тектес жалы бар.
Шөп жеп түрлі
Түзде өскен жануар.
Құлын
Қара ала тоны бар,
Аңдардың ол қырны.
Оны сен де танып ал,
Серейіп кеп тұрады.
Керік
Аузы бейне, шалғы орақ,
Шөп емес, бірақ малды орады.
Қасқыр
Өзіңе болған қорған – орман,
Ішінде бар, бір аң қорбаң - қорбаң.
Аю
Өзі қу, әрі айлакер,
Жүрген жері айқай да шу.
Түлкі
Қолеңкесінен қорқып безектейді,
Ал оның баласын «көжек» дейді.
Қоян
Бұтадан бұтаға секірген
Кішкентай ғана шапшаң аң.
Тиін
Мүйізінен таралған,
Жанға шипа дәрі алған.
Марал
Есек емес,
Жылқы емес.
Екеуінің ұқсастығы
Береді тұрқы елес.
Құлан
Жақпар тастың өркешіне,
Секіреді құламай.
Қия құздың өр төсені,
Орғып шығар ол оңай.
Арқар
Жез бейнелі өзі,
Кең далаа еркесі,
Мөп - мөлдір көзі.
Киік
Түлкі ұқсас тұрқы,
Бір тоймайтын құлқы.
Аңдитыны тастан,
Құс пен тышқан.
Қабылан
Жер қопарған тісімен,
Сескенесің түсінен.
Қабан
Дегендей ешкім тимесін,
Алыпты қадап иенсін.
Кірпі