Ынтымақ - бірлік, татулық туралыАдамзат екі аяқты, сөйлейтін сөзді, ұятты болып өзге хайуаннан айырылады.
Әлихан БөкейхановБізде бірлік болып, іс қыла білетін шебер табылса, Алаштың баласы бақыт - махаббат жолына түсті!
Әлихан БөкейхановҚыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпас болар.
Мұхтар ӘуезовКөршілестерім - рухани еншілестерім.
Мұзафар ӘлімбаевТабаны - бар да, бүрі - жоқ,
Зіркілі - бар да, зілі - жоқ.
Мұзафар Әлімбаев
Мақал - мәтелЫрыс алды - ынтымақ.
***
Күннің көзі - ортақ, жақсының сөзі - артық.
***
Көппен көрген - ұлы той.
***
Өсер елдің баласы бірін - бірі батыр дер.
***
Алтау ала болса - ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса - төбедегі келеді.
***
Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын.
***
Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас.
***
Ат сатсаң - ауылыңмен.
***
Жауға барсаң - бәрің бар, дауға барсаң - бірің бар.
***
Кемедегінің жаны бір.
***
Туысы бірдің - уысы бір.
***
Үш ағайынды жігіттің - отарында малы бар, екі ағайынды жігітің - қотанында талы бар, жалғыз - жарым жігіттің - шығар - шықпас жаны бар.
***
Ізеттінің інісі көп.
***
ЬІнтымақ қайда болса - ырыс сонда барамын депті.
***
Ай - ортақ, күн - ортақ, жақсының аты - ортақ.
***
Ауыл болсаң - қауым бол: бірің - оған, бірің - бұған бол.
***
Бір кісі таққа отырса - қырық кісі атқа қонар.
***
Дегенде дүние шіркін өтер - кетер,
Түбіне сұм дүниенің кімдер жетер.
Қадір тұт, бір - біріңе құрмет көрсет,
Тірлікте сыйластыққа барма жетер.
Қара өлеңЖағаңа дұшпан қолы тимеске - артыңда туысқанның көбі игі.
Шалгиіз ТіленшеұлыЖалғанда ойлап тұрсаң бірлік керек,
Бірлікті ойлау үшін тірлік керек.
Төле би ӘлібекұлыБейбіт елде - сән бөлек, бүлінген елде - дау бөлек.
Төле би ӘлібекұлыТауларды аласартпай - даланы биіктетейік.
Олжас СүлейменовБірлік жоқ ала ауыз біз халықпыз ғой,
Қатардан сол себепті қалыппыз ғой.
Міржақып ДулатовАлтау ала болса - ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса - төбедегі келеді.
Майқы биБірлік түбі - береке.
Майқы биБи екеу болса - дау төртеу болады.
Майқы биАлақанмен күннің көзін жаба алмайсың.
ҚұтыпЕл болып бірігуден асқан бақыт жоқ.
Білге қағанТату елге – тыныштық пен тоқшылық нәсіп.
КүлтегінБегі мен халқының ынтымағы жоқ жерде, дұшпанының алдауына сенген, арбауына көнген жерде, інісі мен ағасы дауласқан, бегі менен қарашасы жауласқан жерде ел елдігінен айырылады.
КүлтегінХалқын жұтатпаған қаған бақытты.
КүлтегінТату болса - ағайын жақын,
Адал болса - дос жақын.
Қазыбек КелдібекұлыБірлігі кеткен ел жаман, егесіп өткен ер жаман.
Қазыбек КелдібекұлыТөрімізден құт - береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Туырлыққа - ту іліп,
Қыннан қылыш суырып,
Көк найзаның ұшына күдері үкі таққан елміз!
Қазыбек КелдібекұлыДереккөзі: «Әдеби әлем» порталыЫнтымақ - бірлік, татулық туралы жүктеу