ойын сауық отауы
Көк ала бұлт сөгіліп
04.04.2016 3 821 0 Дауыл

Көк ала бұлт сөгіліп

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Көк ала бұлт сөгіліп,
Күн жауады кей шақта.
Өне бойы егіліп,
Жас ағады аулақта.

Жауған күнмен жаңғырып,
Жер көгеріп күш алар.
Аққан жасқа қаңғырып,
Бас ауырып, іш жанар.
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Жаңбыр Жаңбыр
Ала қашпай, елірмей, Әдемі ырғақ тауып бір Қап - қара бұлт негрдей Ақ жаңбыр боп жауып тұр.
Жартас Жартас
Қонады бір күн жас бұлт Жартастың төсін құшақтап. Жөнелді ертең, қалды ұмыт, Көк жүзіне ойнақтап.
Мен сәлем жазамын Мен сәлем жазамын
Мен сәлем жазамын, Қарағым қалқама. Қайғыңнан азамын, Барушы айта ма?
Желсіз түнде жарық ай Желсіз түнде жарық ай
Желсіз түнде жарық ай, Сәулесі суда дірілдеп, Ауылдың жаны - терең сай, Тасыған өзен күрілдеп.
Адам — бір боқ көтерген боқтың қабы Адам — бір боқ көтерген боқтың қабы
Адам — бір боқ көтерген боқтың қабы, Боқтан сасық боласың өлсең тағы. Мені мен сен тең бе деп мақтанасың, Білімсіздік белгісі — ол баяғы.
Күз Күз
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, Күз болып дымқыл тұман жерді басқан. Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма, Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан?
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×