ойын сауық отауы
Қыз сөзі
06.04.2016 8 475 0 Дауыл

Қыз сөзі

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Қыз сөзі
Қиыстырып мақтайсыз,
Ойласаң не таппайсыз?
Бізде ерік жоқ, өзің біл,
Әлде неге бастайсыз.

Біз де әркімді байқаймыз,
Тап бергеннен тайқаймыз.
Сіздей асыл кез болса,
Қайтіп басты шайқаймыз?
Ақылыңа сөзің сай,
Сіз – жалын шоқ, біз – бір май.
Ыстық сөзің кірді ішке,
Май тұра ма шыжымай.

Қабыл көрсең, көңілім жай,
Тастап кетсең, япырмай,
Ит қор адам болар ма,
Бұл жалғанда сорлыңдай?

Тілегімді бермесең,
Амалым не жерлесең?
Үйір қылма бойыңа,
Шыны жақсы көрмесең.

Қайғың болар шермен тең,
Қара көңілім жермен тең.
Сенсіз маған жат төсек
Болар бейне көрмен тең.

Сіз – бір сұңқар шаһбаз1,
Жер жүзінен алған баж2.
Біздей ғаріп есепсіз,
Есігінде жүр мұқтаж.

Көңілің тұрса бізді алып,
Шыныменен қозғалып,
Біз – қырғауыл, сіз – тұйғын,
Тояттай бер, кел де алып.

Тал жібектей оралып,
Гүл шыбықтай бұралып.
Салмағыңнан жаншылып,
Қалсын құмар бір қанып...

Мұны жаздым ойланып,
Ойда бардан толғанып.
Кірсе ішіңе оқи бер,
Бозбалалар, қолға алып.

Мұны оқыса кім танып,
Жүрегіне от жанып,
Сөзді ұғарлық жан тапса,
Айтса жарар ән салып.

Өлең жиған тырбанып,
Ән үйренген ырғалып.
Сорлы Көкбай қор болды - ау,
Осыншадан құр қалып.

1 Шаһбаз (парсыша) – қаршыға, лашын, сұңқар және ержүрек батыр мағынасында да қолданылатын сөз.
2 Баж (парсыша) – алым - салық. Бұл жерде тоят алу, тояттау деген ауыспалы мағынада қолданылған.
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Асан Қайғы – Бұл заманда не ғаріп? Асан Қайғы – Бұл заманда не ғаріп?
Бұл заманда не ғаріп? Ақ қалалы боз ғаріп Жақсыларға айтпаған, Асыл шырын сөз ғаріп. Замандасы болмаса, Қариялар болар тез ғаріп
Онегин сөзі Онегин сөзі
Хатыңнан жақсы ұғындым сөздің бәрін: Кірі жоқ, кіршігі жоқ мағыналарын. Жасырмай, жастықпенен, нанғыштықпен Айтыпты шыншыл тілің бар іңкәрін.
Өзгеге, көңілім, тоярсың Өзгеге, көңілім, тоярсың
Өзгеге, көңілім, тоярсың, Өлеңді қайтіп қоярсың? Оны айтқанда толғанып, Іштегі дертті жоярсың.
Жігіт сөзі Жігіт сөзі
Айттым сәлем, қалам қас, Саған құрбан мал мен бас. Сағынғаннан сені ойлап, Келер көзге ыстық жас.
Сап-сап, көңілім, сап көңілім! Сап-сап, көңілім, сап көңілім!
Сап-сап, көңілім, сап көңілім! Саяламай, сай таппай, Не күн туды басыңа Күні-түні жай таппай? Сен жайыңа жүргенмен, Қыз өле ме бай таппай?
Ләззат қайда Ләззат қайда
Бұл жарыққа шыққан соң, Іздейді көңілім күн - түні Қайдасың ләззат, рахат деп, Таппады сал боп еш мұны.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×