ойын сауық отауы
Қызарып, сұрланып
06.04.2016 3 839 0 Дауыл

Қызарып, сұрланып

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Қызарып, сұрланып,
Лүпілдеп жүрегі.
Өзгеден ұрланып,
Өзді - өзі керегі.

Екі асық құмарлы,
Бір жолдан қайта алмай.
Жолықса ол зарлы,
Сөз жөндеп айта алмай.

Аяңдап ақырын,
Жүрекпен алысып,
Сыбдырын, тықырын,
Көңілмен танысып.

Дем алыс ысынып,
Саусағы суынып.
Белгісіз қысылып,
Пішіні құбылып.

Иығы тиісіп,
Тұмандап көздері.
Үндемей сүйісіп,
Мас болып өздері.

Жанында жапырақ,
Үстінде жұлдыз да.
Елбіреп - қалтырап,
Жігіт пен ол қыз да.

Өзге ойдан тыйылып,
Бірімен бірі әуре.
Жүрекке құйылып
Жан рахат бір сәуле.

Жүрегі елжіреп,
Буындар босанып.
Рахатпен әлсіреп,
Көзіне жас алып.

Жүйрік тіл, терең ой,
Сол күнде қайда едің?
Ғашыққа мойын қой,
Жеңілдің, жеңілдің!..
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Қалқам - ай, мен үндемей жүремін көп Қалқам - ай, мен үндемей жүремін көп
Қалқам - ай, мен үндемей жүремін көп, Ойлама отсыз, ойсыз, суық жан деп. Жүректегі жалынды көзден жас қып, Ағызғаным болады ол неге сеп?
Қажымас дос халықта жоқ Қажымас дос халықта жоқ
Қажымас дос халықта жоқ, Айнымас серт қайда бар? Алда көрген артта жоқ, Мысқыл, өсек, айла бар.
Желсіз түнде жарық ай Желсіз түнде жарық ай
Желсіз түнде жарық ай, Сәулесі суда дірілдеп, Ауылдың жаны - терең сай, Тасыған өзен күрілдеп.
Ем таба алмай Ем таба алмай
Ем таба алмай, От жалындай, Толды қайғы кеудеге. Сырласа алмай, Сөз аша алмай Пендеге.
Ауру жүрек ақырын соғады жай Ауру жүрек ақырын соғады жай
Ауру жүрек ақырын соғады жай, Шаршап қалған кеудемде тулай алмай. Кейде ыстық қан басып кетеді оны, Дөңбекшіген түндерде тыншыға алмай.
Несіне асығады?! Несіне асығады?!
Күн қайда асығады?! Нендей күш күннің нұрын жасырады?! Қызарып соңғы сәуле шашырады. Күн түйе алмай барады шашын әлі.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×