ойын сауық отауы
Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз
07.04.2016 919 0 Дауыл

Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Жолға шықтым бір жым - жырт түнде жалғыз
(М. Ю. Лермонтовтан)

Жолға шықтым бір жым - жырт түнде жалғыз,
Тастақ жол жарқырайды буға амалсыз.
Елсіз жер тұрғандай боп хаққа мүлгіп,
Сөйлесіп ымдасқандай көкте жұлдыз.

Мен көрдім көктің ғажап жасалғанын,
Жер ұйықтап, көкшіл шықпен бу алғанын,
Менің не мұнша қапа, қысылғаным?
Үміт пе, өкініш пе ойланғаным?

Дүниеден үмітім жоқ менің деймін,
Өмірге өткен титтей өкінбеймін.
Азатгық пен тыныштық көксегенім,
Ұйықтамақ пен ұмытпақ деп іздеймін.

Өлімнің ұйқысы емес іздегенім,
Ұйқы, тыныштық, ұмыту — бер дегенім.
Көкірегімде өмірдің күші тұрып,
Іздеймін дем алысты үзбегенін.

Су сылдырап, жел гулеп, күн шуақтап,
Жылылық пен достықты тұрсын мақтап.
Өнген, өскен жақсы деп емен ағаш,
Теңселіп айтып тұрса, ол шайқақтап.
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау
Домбыра мен бесік Домбыра мен бесік
Баба қазақ кебісті Тас қапасқа өшікті. Іздеймін деп кеңістік, Кентін тастап көшіпті.
Күнді уақыт итеріп Күнді уақыт итеріп
Күнді уақыт итеріп Көк жиектен асырса, Көлеңке басын көтеріп, Алысты көзден жасырса
Кең жайлау - жалғыз бесік жас балаға Кең жайлау - жалғыз бесік жас балаға
Кең жайлау – жалғыз бесік жас балаға, Алла асыраған пендесі аш бола ма? Ержеткен соң сыймайсың кең дүниеге, Тыныштық пен зар боларсың баспанаға.
Жалау Жалау
Жалғыз жалау жалтылдап Тұманды теңіз өрінде. Жат жерде жүр не тындап? Несі бар туған жерінде?
Желсіз түнде жарық ай Желсіз түнде жарық ай
Желсіз түнде жарық ай, Сәулесі суда дірілдеп, Ауылдың жаны - терең сай, Тасыған өзен күрілдеп.
Соқпақ Соқпақ
Жалғыз аяқ соқпақ жатыр іргесінде үйімнің, Соған шығу қиыны екен өмірдегі қиынның. Жалғыз аяқ соқпақ әкеп жолға салды шытырман, Шимай - шимай
Адамдық диқаншысы Адамдық диқаншысы
Адамдық диқаншысы қырға шықтым, Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым. Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім, Көңілін көгертуге құл халықтың.
Жамбылға Жамбылға
Жан аға! Шықтым өлімнен, Хәлімді менің көрсейші. Жаның нұрға көмілген, Нұрыңнан ұшқын берсейші
Жалғыздық туралы мақал мәтелдер Жалғыздық туралы мақал мәтелдер
Жалғыздың үні шықпас, Жаяудың шаңы шықпас.

Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз