ойын сауық отауы
Піл мен қанден
08.04.2016 3 432 0 Дауыл

Піл мен қанден

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Піл мен қанден
(И. А. Крыловтан)

Көшеде піл жетелеп біреу жүрді,
Кім көріпті хайуанды мұндай түрлі.
Көрсеткелі ап жүрген жануарды
Тамашалап, артынан жұрт боп ерді.

Көшеде кез боп бір қанден
Ұмтылды пілге шаптығып.
Шаңқылдап үрді ерленіп,
Тартынбай ұрысар жан шығып.

Қанденге бір ит кездей боп
Деді: "Әліңді білсеңші,
Пілмен ұрысар сиқың жоқ,
Мазақ болмай, қой, көрші!

Қырқылдап қалдың, не бітті?
Әуре болмай, қой!— деді.
Сен бұлқындың, ол кетті,
Жан деген жоқ ол сені".

"Мен де соны білемін,
Сондықтан ер боп келемін.
Ұрыс, соғыс қылмай - ақ,
Ер атанып көремін.

Жұрт мұнымды көрмей ме?
Батыр атақ бермей ме?
Қой, бұл қанден — ер шіркін,
Пілге де үрген демей ме?"
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Қарға мен түлкі Қарға мен түлкі
Жұрт біледі, күледі, Сұрқия тілдің жаманын, Қошеметшілердің амалын. Сонда да солар қайда жоқ?
Бақа мен өгіз Бақа мен өгіз
Қарасаң, тым - ақ көп Көре алмас іші тар. Несі артық, бізден деп, Салыспақ жұрт та бар.
Ала қойлар Ала қойлар
Бір таудағы хайуанды бір арыстан Билеген патшасы екен әуел бастан. Әділ атақ алмақшы ниеті бар, Ешкімді ауыртпастан, жылатпастан.
Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма
Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма? Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма? Махаббат, ғадауат¹ пен майдандасқан, Қайран менің жүрегім мұз болмай ма?
Күн артынан күн туар Күн артынан күн туар
Күн артынан күн туар, Бір күн дамыл еткізбес. Ой артынан ой туар, Желге мәнсең жеткізбес.
Ішім өлген, сыртым сау Ішім өлген, сыртым сау
Ішім өлген, сыртым сау, Көрінгенге деймін - ау: Бүгінгі дос - ертең жау, Мен не қылдым, япырмау?!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×