ойын сауық отауы
Қарға мен бүркіт
08.04.2016 4 247 0 Дауыл

Қарға мен бүркіт

Өлеңдер
Қарға мен бүркіт
(И. А. Крыловтан)

Қой жайылып жаздыгүн
Шыққан екен қияға.
Аспаннан бүркіт құйқылжып,
Сорғалап келіп ыраға,
Бір қозы іліп ап кетті
Құздағы қиын ұяға.
Екпіні күшті ер үшін,
Еңбек қылды жем үшін
Ұядағы балаға.
Көрді де мұны бір қарға,
Желікті бір іс бастарға:
"Қозыны да тамақ деп,
Кім ап шықсын тастарға!
Ең семізін ілейін
Қызық қылып ашарға",—
Деді - дағы, аралап,
Жабысты келіп қошқарға.
Қалшылдап, дірілдеп
Тырнағын салады,
Қанатын қайқайтып,
Әкетпек болады.
Бүркіттей емес екені
Кешікпей - ақ білінді.
Жабағыға тырнағы
Шықпастай боп ілінді.
Жалпылдап, салпылдап,
Қойшыларға көрінді.
Әддін білмес шіркінді
Құдай әбден қарғады.
Қойшылар көріп күлісіп,
Ұстап алды қарғаны.
Құрысын да шіркіннің,
Семіз қойды алғаны.
Ұшпасын деп қимаған
Қанат, қүйрық қалмады.
Бір жіпті берік бек байлап,
Аяғына жалғады.
Балаларға ойын боп,
Қор болып сүйтіп қалғаны.
Азат басың болсын құл,
Қолдан келмес іске ұмтыл!

Қарға - Спандияр Көбеев Қарға - Спандияр Көбеев
Осылай масқара боп батыр қарға, Қарқылдап, байбаламдап жатыр қарға, Қойшылар қанат-құйрығын бірдей жұлып, Беріпті ойнаңдар деп балаларға.
Аңшылық, саятшылық туралы мақал-мәтелдер Аңшылық, саятшылық туралы мақал-мәтелдер
Қаршыға қанжыға қызартады, Ителгі етек былғайды.
Қарға мен түлкі Қарға мен түлкі
Ашылып түлкі жүрді жапандарда, Тамақ іздеп жол шекті сапарларға... Ешнәрсені көре алмай келе жатса, Көзіне түсті алыстан жалғыз қарға.
Бүркіт - Келші Құланға Бүркіт - Келші Құланға
Бүркіт - Келші Құланға жаңа әннің бейнебаян
Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап? Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап?
Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап? Жұрт жүр ғой күйкентай мен қарға сақтап, Қыран шықса қияға, жібереді Олар да екі құсын екі жақтап.
Бүркіт пен Аиша бәрі жақсы болады бәрі жақсы Бүркіт пен Аиша бәрі жақсы болады бәрі жақсы
Бүркіт пен Аишаның бәрі жақсы болады, бәрі жақсы атты бейне клипін ұсынып отырмыз, Көңілдеріңізді көтеріп, шат-шадыман көңіл күй сыйлайды деп
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×