ойын сауық отауы
Алтын, күміс және қалайы
09.04.2016 3 039 0 Дауыл

Алтын, күміс және қалайы

Өлеңдер
Мұхтар Шаханов

Алтын, күміс және қалайы
(Шыңғыс Айтматовқа)

Пәстеу соғып сырт көркі мазмұнынан,
Бекер болды - ау, мезгілсіз тозды бір ән.
Мыстан құйдық тұлғасын ұлылардың,
Жер бетінде алтынның аздығынан.
Міне, тағы құлашын жазды бір ән,
Көркі осалдық етпегей мазмұнынан.
Сорпа ішеміз қалайы қасықпенен,
Жер бетінде күмістің аздығынан.
Жасық жайлы жасампаз ойға қалып,
Жарар еді кетпесек майдаланып.
Сары шымшық сан рет той бастады,
Бұлбұлдардың аздығын пайдаланып.
Қалайы өтсе күмістің есімімен,
Үйреніппіз қарауға кешіріммен.
Соның бәрі асылдың аздығынан,
Азға зорлық жасаудың кесірінен.

Бата - тілектер: Алтын тойға бата, Күміс тойға бата Бата - тілектер: Алтын тойға бата, Күміс тойға
Қабыл ғып Алла тілекті, Қуанта берсін жүректі. «Алтын тойым болғай» деп, Тілеумен қанша күн өтті.
Атырауда 2 батыр анаға алқа табыс етілді Атырауда 2 батыр анаға алқа табыс етілді
Бүгін атыраулық қос анаға алтын және күміс алқа табысталды. Президенттің жарлығымен бекітілген алқаларды аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев бүгін әйелдер
Қалдаяқов өзені Қалдаяқов өзені
Бар қазақты тамсандырған, Таңнан - таңға ән салдырған, Өзің әнмен қарсы алдырған Шәмші едің,- Зорсығанның көбісі құры сүлде, Ешкім көзі тірісінде Ән
Әйел Әйел
Қылмыстан жазып Тәңіріге, Қарсы келіп әміріне, Қуылды Адам жұмақтан. «Қайт,- деген,- қара жеріңе,
Тіршіліктің көркі – ерік Тіршіліктің көркі – ерік
Тіршіліктің көркі - ерік, Адамдыққа ол серік. Бір кірген соң қақпанға, Қалар бұрынғы еркелік!
Сары шымшық Сары шымшық
Мақтанып сары Шымшық шалқып - тасты, «Теңізді өртеймін!» деп лақап шашты. У - шу боп, бұл хабарды естіген соң, Теңізді тастап, құстар үркіп қашты.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×