ойын сауық отауы
ТЖ - лар
10.04.2016 2 125 0 Дауыл

ТЖ - лар

Өлеңдер
Мұхтар Шаханов

ТЖ - лар
Жағымпаздық бұл заманда басты өнер,
Шындық оған бола алмай жүр тас кемер.
Қазіргі бақ қайсар рухты ерді емес,
Арын сатқан жағымпазды ескерер.
Дәуірдің де даңқы солар төс керер,
Оны ойласаң жанарыңа жас келер.
Кеудесінде жалғандықтың мұзы бар,
Қажет кезде мұз үстінде қызынар,
Басшы алдында жас келіндей сызылар,
Кілең табан жалағыштар — ТЖ - лар.
Оларды ертең адалдықтың тұзы ұрар.
ТЖ - ларға егер бөгет қоймасақ,
Ұлтымыздың ауа райы бұзылар.
Ей, қарт ТЖ, қамқорсынып тасыма,
Қарасаңшы сақалыңа, шашына,
Ел сенімін ақтағаның осы ма?
Атанғанша жалғандықпен ашына,
Беделіңді намысыңнан асыра,
Күлкі болдың қасың түгіл досыңа.
Биліктің лас көн етігін тіліңмен
Жалайтындай не күн туды басыңа?
Оң мен солым сансыз ТЖ, күлем бе,
ТЖ - ларын көтерген даңқ - кілемге
Әлде қарғыс тиді ме екен бұл елге?
Тек күні үшін жалбаң қағып иілген
Пәс кеудеге асқақ рух түнер ме?
Самал қажет індет бұлтын түрерге.
Жағымпазын тау санаған,
Шыншыл ұлын жау санаған ұлттың
Мүмкіндігі аз мазмұнды өмір сүрерге...
Мінезсіз ұлт айналмайды ұлы елге.

Достық туралы мақал – мәтелдер №2 Достық туралы мақал – мәтелдер №2
Сырты жылтыр, іші бос, Қуыршақпен болма дос!
Бай мен кедей Бай мен кедей
Бай болдың, батыр болдың, шешен болдың, Ел билеп, топ бастаған көсем болдың. Сен қылмаған өнер жоқ бола қойсын, Бір адам қандай болсын десең, болдың.
Уақытша жеңістер Уақытша жеңістер
Ғасыр буаз болмаса да әділдікке желіндеп, Қай кезде де Жеңіс даңқы екі топқа бөлінбек: «МӘҢГІ ЖЕҢІС» және «БАРЛЫҚ УАҚЫТША ЖЕҢІСТЕР». Күш жоқ осы
Жетінші түйсік Жетінші түйсік
Үйленіп отау көтердің, мінекей, сен де, бала қаз, Тірліктен, бірақ, жарқыным, үйленбей кеткен адам аз. Сен түгіл қасқыр қасқырмен, маймыл мен маймыл
Ел тілегінің күші Ел тілегінің күші
Тағдырының той - қызығы тарқаған, Өлкедегі ең бай әрі қарт адам, Сәуле шашқан досы түгіл қасына, Шығып алып құзар таудың басына,
Рух мектебіндегі мұң Рух мектебіндегі мұң
Асқақ ұстап жастық туын, Алпыс таудан астық бүгін. Алла білер, алдымызда енді қанша қалды тау, Барлық батыл ойларыңның алды — күрес, арты - дау.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×