ойын сауық отауы
Жігіттің екі сипаты
12.04.2016 5 578 0 Дауыл

Жігіттің екі сипаты

Өлеңдер
Мұхтар Шаханов

Жігіттің екі сипаты

Марсқа
Кім қайратты
Кім кімге асқар тұлға,
Мүмкін бе екен тағдырдан бас тартуға?
Неткен ғажап,
Биіктен құлаған тас
Сынғанымен қалады тас қалпында.
Құзар шыңда,
Ойпаңда,
Бұралаңда,
Талайларды сын күтіп тұрады алда...
Быт - шыт болып кетпей ме қам кесектер
Кіп - кішкентай жырадан құлағанда.
Алуан тағдыр берілген бұл адамға
Есегінен ез жігіт құлағанда
Жұбатыңдар,
Аяңдар,
Өйткені оның,
Құм боп кетер жігері жылағанда.
Алуан тағдыр берілген бұл адамға,
Тұлпарынан ер жігіт құлағанда,
Жұбатпаңдар!
Ер адам от - жігерін
Намысына жаниды жылағанда.

Көркем сөздің құдіреті: Құзар Көркем сөздің құдіреті: Құзар
Құзар 1. Асу бермес биік, асқар, заңғар; 2. Құз, шың.
Үш қыз астарлы әңгіме Үш қыз астарлы әңгіме
Күйеуге шыққысы келетін ақылды аруларға арналған астарлы әзіл әңгіме. Апалы - сіңлі үші қыз өмір сүріпті. Үлкен қыз өте жалқау болатын, ортаншы қыз
Ұлым, ертең ұлдардың мерекесі Ұлым, ертең ұлдардың мерекесі
Саған сенім артады Әкең де, Анаң, Дей берсін сен туралы: «Ерке – балаң», Сондықтан күні ертеңгі мерекемен, Сені де құттықтайды ертең Анаң.
Алатау Алатау
О бастан – ақ жарасып Тұрған тұлға, реңі. Алатауды қарашы - Алматының кілемі!
Туған өлкем Туған өлкем
Көгінде күн нұрын төккен, Жерінде гүл жұпар сепкен. Неткен сұлу, неткен көркем! Осы менің туған өлкем!
Тағдырмен бетпе - бет Тағдырмен бетпе - бет
Хабар жоқ саған кеткен елшілерден, Ей, Тағдыр! Сөйлесейік, келші бермен. Қаншама соқпақтарға бастасаң да, Сенімен сөйлесуді ерсі көрмен.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×