ойын сауық отауы
Мәңгүрттенбеу марсельезасы
17.09.2016 2 271 0 Дауыл

Мәңгүрттенбеу марсельезасы

Өлеңдер
Мұхтар Шаханов

Мәңгүрттенбеу марсельезасы

Әні автордікі
Қазақ ұлты, мың сүрініп, мың жығылып, мың тұрған,
Даңқыңды ешкім бүркей алмас ізгілікке ұмтылған.
Жомарттығың сорға айналып, туып өскен жеріңде,
Ана тілің шетте қалды, орын жетпей төріңде.

Қайырмасы: Өмір, өмір, өмір, өмір, өмір - ай...

Шарлап ел мен елді,
Жаһандану келді.
Ұлтсыздық өрлеп,
Рухсыздық жеңді, заман - ай.
Ұқсатқанмен бүгін,
Қазаққа тек түрін.
Қаншама адам әлі
Менсінбей жүр тілін, заман - ай.
Есіңе ұста, бала,
Ұлтқа ұлы ана,
Ұлтты сақтар дана
Туған тілің ғана!
Өз тілінде сөйлей алмай қазақтың тең жарымы,
Амалсыздан басқа ананы «өз анам» деп таныды.
Талай басшы жүргеннен соң ұлтсыздыққа қорған боп,
Қазақ тілі әлі күнге тәуелсіздік алған жоқ.
Эфирден дауыс:
Тарихың тұр санаңа өткел тастап
Өз тіліңде ойлау, сөйлеу тоқталған сәттен бастап,
Бүкіл баба рухымен
Ұлттық, гендік - ақпараттық байланысың кесілер.
Тағдырыңнан ата мұра шамын солай өшірер...
Өз тіліңді жерсінбеудің,
Өз анаңды менсінбеудің
Арсыздығы қай дәуірде болып еді тапқырлық?
Oл - рухи мүгедектік әрі ұлттық сатқындық!
Мәңгүрттенген құлдық сезім неге қолдау табады,
Мұны бізге кешіре ме келер ұрпақ саналы?
Өз анасын сүйе алмаудың қасіреті болады,
Тілің кетсе, ұлтың өліп, қарның ғана қалады.

Мақал - мәтел: Тіл туралы Мақал - мәтел: Тіл туралы
Өз тілің - бірлік үшін, Өзге тілің - тірлік үшін.
Ана тілің – арың бұл Ана тілің – арың бұл
Ана тілің біліп қой, Еркіндігің, теңдігің. Ана тілің біліп қой, Мақтанышың, елдігің.
Рух пен тіл Рух пен тіл
Табиғаттың өзгермейтін заңына бұр бетіңді, Қай кезде де туған тілің туған анаң секілді. Бабалардың арманы бар мына қызыл гүлдерде, Олар елін, тілін
Тамырсыздану қаупінің тұжырымдамасы Тамырсыздану қаупінің тұжырымдамасы
Жаһандану рухсыздығы өз жeңісін тoйлауда. Сoдан қазір қаншама адам бeйім былай oйлауға: "Мeн қай тілдe eркін сөйлeп, oқи алам, жаза алам, Білім,
Жұбайлар бар әңгімесі таусылған Жұбайлар бар әңгімесі таусылған
Тағдырыңды қатыгез де, сараң де, Сен сүйгенмен, ол сүймесе - шараң не? Махаббат ол — қос жүректің әні ғой, Өзіне сай дауыс керек әр әнге.
Қорға, қазақ тіліңді Қорға, қазақ тіліңді
Қорға қазақ тілге туды сын сағат, Тарихынан алмаса оңар кім сабақ. Мемлекеттік мәртебесі бар тілің, Шетке үнемі қағылуда күн санап.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×