ойын сауық отауы
Желтоқсан тағлымы
13.04.2016 7 418 0 Дауыл

Желтоқсан тағлымы

Өлеңдер
Мұхтар Шаханов

Желтоқсан тағлымы

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, жас қайратым, жас өркені халқымның!
Қайырмасы:
Арманыңның атын,
Жігеріңнің отын
Өшіре алмас асау желі уақыттың.
Егер кім қанша
Уайымсыз болса,
Нақ сол адам құнын білмес бақыттың.
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған,
Намысыңды жықпай өттің нәубет, дүлей маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

Қуандык Рахым - Лаула Қуандык Рахым - Лаула
Қуандык Рахымның жаңа әніне бейнебаян.
Эверестке шығу Эверестке шығу
Қадалған көз таларлық, Жігер отын жанар ғып, Эверестке шыққандардың тізімі, Саусақпенен санарлық.
Желтоқсан алаңы Желтоқсан алаңы
Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер... Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел, Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер, Қайта
Айбергенов шыңы Айбергенов шыңы
Бәйшешектің ғұмырындай тағдыр кешкен мәрт батыр, Өлеңінде ешбір ғасыр өшіре алмас өрт жатыр, Намысыңды дәуіріңе еткізбедің қақпақыл. Міне содан,
Сәулең болса кеудеңде Сәулең болса кеудеңде
Сәулең болса кеудеңде, Мына сөзге көңіл бөл. Егер сәулең болмаса, Мейлің тіріл, мейлің өл.
Беркут пен Аиша - Айналайын Беркут пен Аиша - Айналайын
Беркут пен Аиша - Айналайын әнінің бейнебаяны
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×