ойын сауық отауы
Туған күн кешінде
13.04.2016 4 028 0 Дауыл

Туған күн кешінде

Өлеңдер
Мұхтар Шаханов

Туған күн кешінде

Тойыңа гүл алып,
Келдім мен қуанып,
Қарсы алдың күлімдеп көктемдей.
Жүзіңе нұр тұнып,
Кетіпсің құлпырып
Бір бақыт сәулесін төккендей.
Қайырмасы:
Сен туған күн - мерекеміз,
Ән бастайық, кел, екеуміз.
Ұмытпа сен, құрбым,
Есте қалсын мәңгі бұл күн.
Жасқанба, жасыма,
Отыршы қасыма,
Басталсын бір терең әңгіме.
Қуансын ел ертең,
Қолыңды бер, еркем,
Жалғыздық жойылсын мәңгіге.
Көп жүріп сарылып
Жетсе де кәрілік,
Қақпаңды ашпа сен уақытсыз.
Жастықтың жарығын,
Жүректің жалынын
Өшіріп алған жан бақытсыз.

Сыйласқанға не жетсін! Сыйласқанға не жетсін!
Бүгін бармыз, ертең жоқпыз ол мәлім, Ойна да күл тәтті өмірдің көр дәмін. Естелік боп есте қалсын ерекше, Бұл өмірде басып өткен жолдарың.
Көңілің ауасындай тымық қырдың, бәрін де ұғып тұрдым Көңілің ауасындай тымық қырдың, бәрін де ұғып
бәрін де ұғып тұрдым. Жанарымнан от - ұшқын шашылғанмен, жанымда тұнып тұр мұң - сен мені ұмыт, құрбым.
Тарысы бар аймақтың Тарысы бар аймақтың
Даттайды екен бір кінәңді ел білсе, Бірақ ол да келген қайғы уақытсыз. Қызғанышы ізгілігін сөндірсе – Нақ сол адам бақытсыз.
Жұбайлар бар әңгімесі таусылған Жұбайлар бар әңгімесі таусылған
Тағдырыңды қатыгез де, сараң де, Сен сүйгенмен, ол сүймесе - шараң не? Махаббат ол — қос жүректің әні ғой, Өзіне сай дауыс керек әр әнге.
Біз, қазақтың екі ақыны, біргеміз Біз, қазақтың екі ақыны, біргеміз
Біз, қазақтың екі ақыны, әрқашанда біргеміз, Түрлі сыпсың сөздерден де, Ызғар шашқан көздерден де, Заман мен заң өзгергенде, Бүлінген жоқ іргеміз.
Сарыжайлау Сарыжайлау
Жазира, жасыл кілем өрнектеген, Туған жерге, дариға, жер жетпеген! Кең өлкем, әлдилей бер сен деп келем, Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×