ойын сауық отауы
Бұл жерде
02.03.2016 3 172 0 Дауыл

Бұл жерде

Өлеңдер
Қадыр Мырза Әли

Бұл жерде
Құлан да болған бұл жерде,
Бұлан да болған бұл жерде.
Құлан мен бұлан қалмастай
Лаң да болған бұл жерде.

Ауыл да болған бұл жерде,
Қауым да болған бұл жерде.
Ауыл мен қауым қалмастай
Дауыл да болған бұл жерде!

Базарлар болған бұл жерде,
Мазарлар болған бұл жерде.
Халықтың көрген түсіндей
Хазарлар болған бұл жерде!

Ғұндар да көшкен бұл жерде,
Құмдар да көшкен бұл жерде.
Қуанышпенен сыйыспай,
Мұңдар да көшкен бұл жерден.

Тоғайың көшкен бұл жерден,
Ноғайың көшкен бұл жерден.
Ноғайдың орнын сипалап,
Ағайын көшкен бұл жерден.

Шаңдағың көшкен бұл жерден,
Қаңбағың көшкен бұл жерден.
Қаңбақты қуып шаңдатып,
Қалмағың көшкен бұл жерден!

Күмбез де болған бұл жерде,
Мың көз де болған бұл жерде.
Күмбезді мың көз өртеген
Бір кездер болған бұл жерде.

Азабың қалған бұл жерде,
әз әнің қалған бұл жерде.
Азабын қосып әз әнге
Қазағың қалған бұл жерде...

Шұғылалы шартарап: Матмата қаласы Шұғылалы шартарап: Матмата қаласы
Тунистің оңтүстігінде, Сахараның қақпасынан алыс емес жерде, құрғақ дерлік жансыз жерде Матмата қаласы бар. Тағы бір атауы – троглодиттер ауылы
Кел, жігіттер - Сәкен Сейфуллин Кел, жігіттер - Сәкен Сейфуллин
Көшкен елдей, Соққан желдей, Жастық шағы өтер тез.
Қай жерде отырса да қарлығашың Қай жерде отырса да қарлығашың
Қай жерде отырса да қарлығашың, сен оның жүрегінде, жанындасың. Сәбидей сенің әппақ көңіліңе күдіктің күңгірт бұлты шалынбасын.
Шау тартып қалыпсың - ау, қайран шабыт! Шау тартып қалыпсың - ау, қайран шабыт!
Шау тартып қалыпсың - ау, қайран шабыт! Жүруші ең кейбір жерде ойран салып, Жүруші ең кейбір жерде сайран салып, Шау тартып қалыпсың - ау қайран
Сал - сал жырым Сал - сал жырым
Сал - сал жырым, сал жырым, Ағытыл, алтын сандығым. Сен бар жерде баймын да, Сен жоқ жерде жарлымын.
Асығып алыс күндерге Асығып алыс күндерге
Асығып алыс күндерге, Бір белден асып, бір белге, Адасып қалмай бір жерде, Айсыз қара түндерде,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×