ойын сауық отауы
Іргетас
02.03.2016 3 437 0 Дауыл

Іргетас

Өлеңдер
Қадыр Мырза Әли

Іргетас
Шежіреміз қию - қию,
Шырғалаң.
Шырғалаңды ұқпай менің жүр балам.
Жер үстінде бір шаһарым ер жетіп,
Жер астында шөгіп жатыр бір қалам!
Ерім менің!
Жерім менің шерменде.
Жырта қалсаң,
Жыр шығады көрден де!
Қырық эпос -
Қырық батыр жайында...
Қазақ жазбай,
Біреу жазып берген бе?!
Таусылмайтын парасат бар термемде,
Термешіге дайын тұрар төр менде.
Тылсым дала басқаныкі болған да,
Тегін тастап, Көшіп кете берген бе?!
Опасыздар шыңдығымды жырмалап,
Ойдағыны бойдағыға жүр балап.
Жеткенімді қалай жазсаң олай жаз,
Өткенімді жазба бірақ бұрмалап!
Айналайын, арғысынан кім безген!
Ақиқатқа қарау керек бұл көзбен.
Теріс тарих қажет емес Тұныққа
Теріс түскен сұлбадай бір күмбезден!
Өкінішті
Көп нәрсені кеш білген.
Оқымысты!
Көмек күтпе еш тілден!
Тарих қымбат қандай болса сол күйде,
Тәуір тарих сұрамаймыз ешкімнен!
Сарғайдық қой артын күтіп әліптің,
Сырын неге жасырамыз алыптың?!
Жаман болса жаман болсын,
Жарқыным,
Өз тарихын өзіне бер халықтың!
Әр дәуірдің болады өз шәйірі
Ақ - қараны алатын тез айырып.
Заманынды қайырмасаң қайырма,
"Жаманымды" берсең еді қайырып!
Елімізге керек емес ертегі!
Ертегіні өз балам да шертеді.
Тарих керек!
Іргетасы ол халықтың,
Іргетассыз қаланбайды Ертеңі!

Үй – іші, отбасы туралы мақал - мәтелдер №1 Үй – іші, отбасы туралы мақал - мәтелдер №1
Еріншек қатынның Етегі жыртық. Ерке қатынның Ерні тыртық.
Мынау қолым, басым мынау Мынау қолым, басым мынау
Мынау қолым, басым мынау, жүрегімде - тосын әнім; Жүзім күңгірт, шашым қырау, неде болса, осы барым. Көзбен көрем, үйренемін, ол да менің бір
Қазына Қазына
Америка ашқандай Аштық талай өңірді. Кедергісіз ешқандай Қаздық қанша көмірді!
Ауылдастар арасында Ауылдастар арасында
Ақын болдың маңдайыңа бақ дарып, Абыроймен жүрсін, оны атқарып, Деп ауылдың адамдары Көңілге Келгендерін айтып жатыр ақтарып.
Отырар кітапханасы Отырар кітапханасы
Тек қарынның байлығына сенген елдiң соры бар, Көне тарих сабақтары бiзге мойын бұрғандай. Отырарды ғаламда жоқ жазба кiтап қоры бар, Өткен заман
Чили - шуағым менің Чили - шуағым менің
Пабло Нерудаға ескерткіш. 1 Барлық ақын - баласы бір ананың. Ақын келсе өмірге, қуанамын, Ақын өтсе өмірден - жылағаным. Барлық ақын - баласы бір
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×