ойын сауық отауы
Батпақ
02.03.2016 3 336 0 Дауыл

Батпақ

Өлеңдер
Қадыр Мырза Әли

Батпақ
Батпақ емес жай ғана
Бұл араның батпағы,
Жүре алмайды тайғанап,
Адам түгіл, ат - тағы!
Айналған ба желінге
Аспан мына, расында?!
Желім деген желім бе
Бұл батпақтың қасында!
Қара бұрым салбырар,
Қара бұлттар қалықтап.
Қонышыңды қалдырар,
Ұлтаныңды алып қап!
Шоферді сәл қолдаңыз,
Шатынамай, жұлынбай.
Ызыңдайды "Волгаңыз"
Балға қонған шыбындай!
Болса мұнда біраз күн,
Батпақты бұл ұғады.
Жымпитыда "КамАЗ - дың"
Жан дауысы шығады.
Көрдіңіздер талайын,
Керегі не көп "мақтап!"...
Қанша жақсы ағайын
Қалды сонда батпақтап!

Туған жер - ай, күнім де, дінім де сен. Қадір Мырза Әли өлеңдері Туған жер - ай, күнім де, дінім де сен. Қадір
Туған жер - ай, күнім де сен, дінім де сен, Тағдыр сендей сүйсе, сүрінбес ем. Керегі жоқ басқа атақ, Басқа абырой, Жетіп жатыр тек өзің ұлым десең!
Көшеді бұлттар... Көшеді бұлттар...
Көшеді бұлттар, көшеді бұлттар, көшеді, Қоштасар қимай көк аспан - өлең - төсегі. Көшеді бұлттар көкжиектерді бетке алып, Көшеді бұлттар, көшпелі
Ерлі - зайыпты қазақтар Ерлі - зайыпты қазақтар
Біздің халық, біле - білсең, бір ғажап! Сүйе тұра, Бірін - бірі жүр қажап. Қанша жақсы көрсе - дағы әйелін Білдірмеуге тырысады бұл қазақ.
Қазына Қазына
Америка ашқандай Аштық талай өңірді. Кедергісіз ешқандай Қаздық қанша көмірді!
Ағасы мен інісі Ағасы мен інісі
Көктайғақ тауға талпынып, Қара тер болып алқынып, Інісі сыйлап ағасын, Шығады сүйреп шанасын.
Дәрігеріме Дәрігеріме
Керегі жоқ, Керегі жоқ, Керегі жоқ бәрінің! Иненің де керегі жоқ, Керегі жоқ дәрінің! Кетсем егер, пленканың үзілген бір әнімен, Қалсам егер, қара
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×