ойын сауық отауы
Жүйрік
02.03.2016 3 633 0 Дауыл

Жүйрік

Өлеңдер
Қадыр Мырза Әли

Жүйрік
Жұлдыздай ағып түскен түрме - түнде
Жүйрік - ай жүйтки білген сүйретілмей!
Заулауын зымырандай
Тегістікке
Тұяғы бірде тисе,
Бірде тимей!
Ақ көбік ақтарылған езуін - ай!
Өзі – ат,
Өзі – қыран,
Өзі – құмай.
Сірә, оған шабудан да самғау жеңіл,
Сірә, оған қалудан да озу оңай!
Арғымақ алар болар бұрын бәйгі,
Алдында ор жатса да бұрылмайды.
Ұшқын - тер шашыраса,
Бауырында
Жұмыр жер шарқайрақтай зырылдайды.
Тұяғы тиген таста ол қалардай,
Тосқауыл арқан көрсе, тоқталар ма - ай!
Аңыздан шыға келген бір арғымақ
Аңызға сүңгіп қазір жоқ болардай.
Қас жүйрік қайтушы еді ақырынды,
Келеке қылып жабы пақырыңды,
Қас қағым уақыт сайын
Тұяғымен
Түйдектеп лақтырды шақырымды.
Жүлде иесі ат тілеуін тұрса тілеп,
Жоқ па деп басқа тілек ұрсатын ем.
Шіркін - ай, татымайды екен ғой жыл
Жүйріктің ағып өткен бір сәтіне!
Бақса жұрт осындай ат бағып көрсін!
Ойбай - ау,
Арқаң қозбай неғып тұрсың?!
Оқ бойы озып шауып бара жатқан
Ат емес,
Ала құйын шабыт дерсің!
Ақ көбік ақтарылған езуін - ай!
Өзі – ат,
Өзі – қыран,
Өзі – құмай.
Жүйрікке шабудан да самғау жеңіл,
Жүйрікке қалудан да озу оңай!

Бурабай - Сәкен Сейфуллин Бурабай - Сәкен Сейфуллин
Мөп - мөлдір Бурабайдың суы күміс, Көргенде шаршаған жан алар тыныс. Мінбелеп қоршалаған шымылдықтай, Қарағай, қайың менен қалың жыныс.
Аңшылық, саятшылық туралы мақал-мәтелдер Аңшылық, саятшылық туралы мақал-мәтелдер
Қаршыға қанжыға қызартады, Ителгі етек былғайды.
Бурабай Бурабай
Тағы бір ақбас бура, - емес атан, Жүріпті Көкшетауды қылып Отан. Мұны да "көзі көрген" қартайтады, Тыңдаған әлеуметке алқа - қотан.
Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап? Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап?
Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап? Жұрт жүр ғой күйкентай мен қарға сақтап, Қыран шықса қияға, жібереді Олар да екі құсын екі жақтап.
Аякөз - ару Аякөз - ару
Аякөз, сірә, аядай бұлаң көзі емес, Аяулы, сірә, қыз болар. Ақиқат бағып, анықтап жатар кез емес, Белгісіз, досым, белгісіз түр ғой бізге олар.
Жеті қазына Жеті қазына
Жеті қазына. Ол жөнінде пікір таласы көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған:
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×