ойын сауық отауы
Адамнан артық жәндік жаралмаған
03.03.2016 2 313 0 Дауыл

Адамнан артық жәндік жаралмаған

Өлеңдер
Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңі

Адамнан артық жәндік жаралмаған...

Адамнан артық жәндiк жаралмаған,
Дейдi жұрт: «Айуан жоқ иттен жаман».
Бұл туралы менде бiр бөтен ой бар,
Анық ұқсаң, айтайын, достым, саған.

Адамның айуаннан айласы мол,
Қит етсе, қиянатқа қояды қол.
Мейiрiм, ынсап, ақ пейiл, адал еңбек –
Бұл төртеуiн кiм қылса, шын адам сол.

Қанеки‚ ондай адам, қай жерде бар?
Көбiнiң сыртында бал, iшiнде зәр.
Жарық алып әлемдi араласаң,
Ондай жан неше мыңнан бiреу шығар.

Әйтпесе өзге адамнан ит iлгерi,
Достықты ит ұмытпайды – артық жерi.
Қолыңнан сорпа жалап өскен күшiк
Өлгенше есiгiңде жүргендерi.

Түнде тыным көрмейдi қораға үрiп,
Шарқ ұрады ауылды шолып жүрiп.
Кетпейдi дәмiн татқан досын тастап,
Қуалап анда - санда қойсаң да ұрып.

Тоқтамас өзге ауылға сыйласа да,
Кек қылмас иесi ұрып, қинаса да.
Жүз жылдық дос бiр күнде жау болады,
Көңiлiне бiр қылығың сыймаса да.

Қарызы бар едi деп мойын бұрмас,
Сол күнi - ақ дұшпаныңмен болар сырлас.
Бұрынғы жақсылықтың бәрiн ұмытып,
Не қылса, бiр зияны тимей тұрмас.

Өкпелесе не сөзге, немесе асқа,
Жау шығады дос, жақын, қарындасқа.
Ит иесiн қаппайды құтырса да,
Адамның шын досы жоқ иттен басқа.

... Бiреудiң асыраулы итi болған,
Күшiгiнен тамақты берген қолдан.
Сол адамның тап - тату жақын досы
Араз болып кетiптi достық жолдан.

Пәле салып жамандап күнде - күнде
Өшiгiп, дұспан болып кеткен мүлде.
Ыза менен күншiлдiк ойын билеп,
Өлтiргелi келiптi айсыз түнде.

Арсылдап итi үрген қараңғыда,
Иесi жер шалады барады да.
Бұғып жатқан дұспанын көзi көрмей,
Иттi ұрады бiр таяқ алады да.

Қанжар ала жүгiрген жауды көрiп,
Қашады қатты аттанды салады да.
Мына жақтан жүгiрiп ит те келiп,
Тастайды әлгi жауын жарады да...

Алаңдамай тыңда да сөзiмдi тос,
Айтылған сөз емес қой қалжыңмен бос.
Дос деп жүрген кiсiңнiң көбi – дұспан,
Шын досың – жақсылықты ұмытпаған дос.

Арыстан менен кісі - Спандияр Көбеев Арыстан менен кісі - Спандияр Көбеев
Мықты болсаң күшіңе серік болсын ақыл, Бес күндік дүниеге еріп болма ғафыл, Кейінгі балалардың пайдасы үшін, Көрсетіп тәржімамен айттым нақыл, Құр
Не артық? Базар жырау Не артық? Базар жырау
Қу қанжыға жүйріктен, Қаза жалды берік артық. Жылуы жоқ тымақтан, Баса киген бөрік артық. Жаман болса алғаның, Мақтасы қалың көрпе артық.
Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр
Ақыл деген өлшеусiз бiр жарық нұр, Сол нұрды тән қамы үшiн жан жұмсап жүр. Тағдырдың қиын, сырлы сиқырымен Жан тәнге, ақыл жанға матаулы тұр.
Адамшылық Адамшылық
Кісіге адамшылық неге керек? Адамдық – өзге айуаннан артық демек! Ит талаған төбеттен қалай дейсің, Аямай әл келгенін жұлып жемек.
Адам немене? Адам немене?
Бiлiмдiлер сөз жазып, зарлағанда, Ой кезiп, жердiң жүзiн шарлағанда, Алдаусыз адам өмiрiн түзетерлiк Әдiлет, ынсап, мейiрiм бар ма адамда?
Жарқ етпес қара көңілім не қылса да Жарқ етпес қара көңілім не қылса да
Жарқ етпес қара көңілім не қылса да, Аспанда ай менен күн шағылса да, Дүниеде сірә сендей маған жар жоқ, Саған жар менен артық табылса да.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×