ойын сауық отауы
Бай мен қонақ
04.03.2016 2 296 0 Дауыл

Бай мен қонақ

Өлеңдер
Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңі

Бай мен қонақ
«Қазақтың көп жұмысы не?» – десеңіз,
Айтайын, жамандайды демесеңіз.
Көргеніңді сөйле деп айтқызып ап,
Қайта айналып етімді жемесеңіз.

Бұл елде басты жұмыс – ел қыдырмақ,
Бай ауылға түстеніп пайда қылмақ.
Онан өзге зияны тимей кетсе,
Сонымен - ақ сыпайы кетсін бірақ.

Іздегені болмайды жалғыз тамақ,
Басқа да жұмысы бар байқастамақ.
Келген кезде – бай менен қонақ тату,
Қайтарында болады қырын қабақ.

«Ассалаумағалайкум»– кіріп келді,
«Уағалайкүмассалам»– орын берді.
Көрпе салды, «жоғары шығыңыз» – деп,
Төрге барып сый қонақ отырды енді.

Мал - жаныңыз аман ба, бала - шаға?
Шүкір, жүрміз сыйынып бір Аллаға.
Қымыз сапыр, қонаққа мал әкеп сой,
Шай қайната беріңдер, отты жаға.

Естіп - білген сөз бар ма жақсы - жаман?
Жат хабар жоқ, ел тыныш, халқың аман.
Бір көріп қайтайын деп жүзіңізді,
Амандаса келіп ем сізге таман.

«Семіз бе сіздің елдің малы?»– дейді,
«Тым аса семірген жоқ әлі»– дейді.
«Жолығып, жолда аралап байқап едік,
Жылқыңыз семіз екен, бәлі»– дейді.

Бұл қазақ әңгімеге сондай олақ,
Тауып айтқан бар сөзі болды сол - ақ,
Тамақ тойып алған соң жұмыс бітті,
Ал енді аттанарға келді қонақ.

– Аз жұмысым бар еді сізде,– дейді,
Бір азырақ ақша бер бізге – дейді. –
– Тірі болсам, кісіңіз екі келмес,
Зарықтырар деп күдер үзбе – дейді.

– Осы кезде ақша жоқ қолда,– дейді,
Бермеді - ау деп тіпті алаң болма,– дейді.
Бар күнінде кім болса, сол алады,
Сізден аяп тұрғаным сол ма,– дейді.

– Ол жоқ болса, бір аттың берші майын,
Дұспаныма мақтанып, жаз жайлайын.
Екеуінің біреуін бермесеңіз,
Қасарысқан бір жолың, мен не айтайын?!

– Семіз атым жоқ еді биыл,– дейді,
Ақша да жоқ қолымда тиын,– дейді,
Аямаймын, орайы келмей отыр,
Қатты батып отырсың, қиын,– дейді.

Бермеген соң сол қонақ өкпеледі,
Елемеді мені деп кектенеді.
Не ақша, не ат майын бермеді деп,
Әлгі байды талай жан жек көреді.

Берсең етті біреуін бос жібермей,
Өкпелеттің қонақты бірін бермей.
Мал сойғаның, күткенің бәрі зая,
Қане, қалшы сонан бір зиян көрмей.

Байда жазық немене, малын сойды,
Қымыз ішті, шай менен етке тойды.
Қонағыңыз тым арсыз болды білем,
Бай бермесе, өз малын бермей қойды.

Зиян тартпай қалмайды осыдан бай,
Болмаған соң қонақтың қөңілі жай.
Көрінгенге көз сүзбей күнін қөріп,
Қазақ қашан ел болар, құдайым - ай!

Қонақ келсе - құт Қонақ келсе - құт
"Қонақ келсе - құт" деген аталы сөз бар. Егер қонағыңыз риза болып кетсе, мейманның құты сіздің үйге орнайды.
Қонақ құдайдың елшісі Қонақ құдайдың елшісі
Бір әйел кісі күйеуінің үйіне көп қонақ ертіп келетінін, соның себебінен қиындыққа тап болып қалатындығы жайында пайғамбарымызға (саллаллаһу әлейһи
Қонақ келсе – құт келеді Қонақ келсе – құт келеді
Үй қалай тазарады білесіздер ме? Үй қонақ келсе тазарады екен.
Құт қойдың құлағында Құт қойдың құлағында
Ерте заманда Сырлыбек дейтін кісінің ауылына кешқұрым қонақ келіп түседі. Ол ит - құстың тілін біледі екен. Дастархан басында отырғанда сырттан
Шақырғанда жауың да келер саған Шақырғанда жауың да келер саған
Табысымды жүргем жоқ санап пайда, Қонақ қайда, келетін қонақ қайда? Әлде, біздің пәтердің «әйелінің» «Ашуланшақ» мінезі жолатпай ма?
Бір Аллаға сыйынған адам өлмес Бір Аллаға сыйынған адам өлмес
Бір Аллаға сыйынған адам өлмес, Құдайсыз қу қолынан іс те келмес. Белін бекем буғанның белі талмас, Ел бұзса да, адалдық өзгерілмес.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×