ойын сауық отауы
Ұстаз
01.05.2016 22 818 0 Дауыл

Ұстаз

Өлеңдер
Фариза Оңғарсынова өлеңі

Ұстаз
Заводта болсаң, күнбе - күн
көрінер еді табысың.
Дәрігер болсаң, түрлі емің –
сырқаулы жанның бағы шын.

Ал сенің еңбек жемісің
өзгеше тіпті басқадан:
ол - өзін арнап ел үшін
осынау жүрген жақсы адам.

Жақсы адам – елдің тірегі,
байлығы туған халықтың,
шапағын шашар үнемі
көгінде тұрған жарық күн.

Сан жастың қамын шертесің,
тағдырын ойлап толғанып.
Әр үйдің бір - бір еркесін
үйреттің өзің қолға алып.

Ұстазсыз жанда сөнбек күн,
шәкіртсіз өмір – сусыз жер.
Көрінбес ғажап еңбектің
бейнетін кешіп жүрсіздер.

Жүректе тұрар жалқы үнің,
жанымнан жалын жігер күт.
Ұстазым, сенің әр күнің,
әр сәтің тұрған бір ерлік!

Ұстаздар туралы өлеңдер жинағы Ұстаздар туралы өлеңдер жинағы
Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын, Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын. Есімде, әліппені жаттатқызып, Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.
Әйелге деген махаббат Әйелге деген махаббат
Түндерде жалын боп өткен біреуді жаным деп өпкен сенің гүл еріндеріңнен әйтеуір жерінбедім мен.
Сүйген – сұлу Сүйген – сұлу
Сенің көзің көк те емес, қара да емес - қой көзді деп атайды мұндайларды. Ол көздердің оты да ғажап емес, бірақ маған сол жанар нұрдай мәңгі.
Туылған күнге арналған тілектер Туылған күнге арналған тілектер
Өмір саған жылы сөзін арнасын, Қайғы-мұңға жүректе орын болмасын.
Бөбекке тілек Бөбекке тілек
Сеніменен атаң - әжең нәрленді, Әр қылығың ана жүзге әр берді. Сен арқылы бесік жақтан әкеңнің Құлағына шырылдаған ән келді. Әдемі ән еді, бәрі бірге
Ана үні (баланың тілегі) Ана үні (баланың тілегі)
Жылы екенін сезгем осы үннің мен, Сенің үнің, ана, мейірім білдірген. Тербеткенде әлди айтып сол үнмен, Бесігімде - ақ, ана, сонда күн күлген. Сол
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×