ойын сауық отауы
Ораза оралғанда
20.05.2017 14 139 0 Admin

Ораза оралғанда

Өлеңдер
Ораза оралғанда
Қош келдің, әз Ораза, төрлетіңіз,
Ұлтымды ұйқылы-ояу тербетіңіз.
Басқадай бақыт іздеп неғылайын,
Жанымда, жанарымда келбетіңіз.

«Иманы берік жандар мығым тұрар,
Өмірдің туған шақта құнын сұрар.
Ораза: Ойға – мұрат, бойға – қуат», –
дегені , рас-ақ сөз бұрынғылар.

Адамдар аңдамаған ашығуды,
«Дүние жинаймын деп», - деп асығулы
Кем-кетік, жетім-жесір ондайларға
Көрінбес ұршығының басы ғұрлы.

Білмеппін оразасыз әуселемді.
Қыл мойын қиқар тартып әукеленді.
Қадірін қатқан нанның айтпағанда,
Қара су көрінеді, Кәусар енді.

Әрдайым әр нәрсені қиялдаймын,
Әйтсе де, бір Алладай сүйе алмаймын
Бес парыз – күнделікті өмір - салтым,
Құдайдан қорыққаныма ұялмаймын.

Ораза тәубә бергің, сабыр бергің,
Келмейді нәпсі – иттен жәбір көргім.
Құлыңа жаны таза, сынық мінез,
Ей, Алла!
Жұмағыңнан орын бергін?!

Ораза оралғанын біздің елге,
Мұсылман – бауырларым білдіңдер ме?
Құдайға құлшылық қыл, ораза тұт,
Тазарсын бар бәледен күншіл кеуде.

Ермахан қажы Бердалы

Салт - дәстүр сөйлейді: Ораза ұстау Салт - дәстүр сөйлейді: Ораза ұстау
Адам ата мен Хауа ана пейіште тыйым салынған бидай дәнегін жейді. Бұған дейін қалдық шықпайтын жұмақтың ең асыл тағамдарын таңдап жейтін еді.
2019 жылы қасиетті рамазан айы 6 мамырда басталады 2019 жылы қасиетті рамазан айы 6 мамырда басталады
Ораза 2019 жылы 6 мамыр, яғни дүйсенбі күні басталады. Қадір түні 31 мамырдан 1 маусымға ауған түн — Қасиетті жұмаға сәйкес келеді.
2018 жылғы ораза қай айда басталады? 2018 жылғы ораза қай айда басталады?
ҚМДБ бекіткен 2018 жылғы діни күндер күнтізбесіне сүйенсек, осы жылы Рамазан айы мамырдың он жетісіне сәйкес келіп тұр.
Ораза және намаз уақыттарының кестесі Ораза және намаз уақыттарының кестесі
Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасы назарларыңызға 2017 жылғы Қазақстан қалаларының Рамазан айындағы ораза және намаз уақыттарының кестесін ұсынады.
Ораза 2017 Ораза 2017
Биыл Рамазан айы мамырдың 27 - сі күні басталады.
Қадір түні Қадір түні
Шілденің 1 - нен 2 - не қараған түн – Қадір түні. Бұл түнді құлшылықпен, Аллаға жалбарынып, дұғамен өткізу қажет. Пітір садақаны Рамазан айы
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×