ойын сауық отауы
Жанарлардың жалтынан ұғысатын
01.02.2016 1 172 0 Дауыл

Жанарлардың жалтынан ұғысатын

Өлеңдер
Фариза Оңғарсынова өлеңі

Жанарлардың жалтынан ұғысатын,
қол ұстасып өтуге тырысатын.
Ой - арманның барлығын бөлісетін,
күн өткенде сағынып көрісетін;
тек екеуіміз жүріп - ақ шаттанатын,
көңілдерді бүкпесіз ақтаратын.
Қол ұстасып таңдарды қарсы алатын,
дүниені думан қып ән салатын,
бір қайғыға өртеніп жыласатын,
ақтарылып оңаша сыр ашатын;
күрсінумен бітер деп ойламаған
(ештеңені ұқпайды тойған адам),
отты күндер. Кейде мен ойға қалам:
мүлдем жат қой қасірет, ойлар оған.
Құлай сеніп, алдансаң - азап, тегі,
сосын кешіре алмасаң наз - өкпені...
Күрсіністік. Қимадық. Кешірмедік.
Мүмкін бұл да біз үшін қажет пе еді...

Әйеліңнен шыға алмайсың ба? Әйеліңнен шыға алмайсың ба?
Үйленіп үй болғалы, үйімде би болғалы кейбір адамдар «әйелге басы айналып қалды, бітті байланып қалды», «үйден шыға алмай қалды, көшеге жүре алмай
Бір адамға алдансаң, бүкіл әлем алдамшы көрінеді Бір адамға алдансаң, бүкіл әлем алдамшы көрінеді
Бәрін бұзуға бір секунд жетіп жатыр, ал қалпына келтіру үшін бүкіл ғұмырың жетпеуі мүмкін. Сондықтан айтар сөзіңді ой елегінен өткізіп барып айтқан
Сағынып оралар ма ем Сағынып оралар ма ем
Сағынып оралар ма ем алыс жолдан жеткенше асық болып, сен бар - ау деп шаттықтан тасып - толып, дүниеде көзіне басқаны ілмей,
Өз - өзімнен өртеніп барам жанып Өз - өзімнен өртеніп барам жанып
Өз - өзімнен өртеніп барам жанып, жүректен жас ағады тарамданып. Менде жай жоқ бұл күнде тым болмаса ақтарылар алдыңда саған барып.
Мен қорқамын Мен қорқамын
Мен қорқамын: екеуімізге арманның да, таңдардың да ортағын; қуаныштың, жұбаныштың ортағын; жолдардың да, ор - жардың да ортағын;
Жақсылық туралы жыр Жақсылық туралы жыр
Ей, жарық күн, нұрыңды шаш далама, шаш нұрыңды қарттарға, жас балаға, ызғар сіңген жеріме шуақ керек, мұқтаж оған ауыл да, астана да.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×