ойын сауық отауы
Керегіп жүр жаныма басқа бір ән
01.02.2016 1 318 0 Дауыл

Керегіп жүр жаныма басқа бір ән

Өлеңдер
Фариза Оңғарсынова өлеңі

Керегіп жүр жаныма басқа бір ән -
қайсарлыққа, өрлікке тастар ұран.
Маңыма ылғи біреулер жиналады
сезімін - сел, жүрегін жас қарыған.
Аспан ашық, болғанмен қала жарық,
жүрмесе де үйінде бала налып,
жазатайым біреуге жасын түссе,
қалады олар жырақта жараланып.
Алдарқатса мені арман үмітті ғып,
жүдейді олар қалғандай құрық сынып.
Сен ойыңа алмаған жайларыңды
жүргендері ішінен ұғып, біліп.
Ортақ етпей ешкімді мұң - жайыма,
жығылтуға тырыспай ыңғайыма
жүрсем де, азап, бейнетім менен гөрі
бататындай солардың шымбайына.
Өмір - нулы көл емес қаз жайлаған,
тірлігінен баз кеше жаздайды адам.
Қайғырғанды мен үшін көру қиын -
басқа азабы өмірдің аздай маған.
Жетер жолда шырқау көк - арманына
қырандардай қайырылмас жан қамына,
керегіп жүр маған да басқа бір ән
ұмтылыс пен от берер бар маңыма!

Қызғанып қалма, жаным, сен Қызғанып қалма, жаным, сен
Біреулер менің қолымды қысса, жаныма қейде күліп кеп, қызғанып қалма, жаным, сен: сен үшін ғана құрметтеп мені тұратын шығар жігіттер, қызбалық
Жұрт мені қатал дейді Жұрт мені қатал дейді
Жұрт мені қатал дейді найзағайдай мінезі шатырлаған, біреулері айтады ақыл маған: өркөкірек, тәкаппар, менменсіген...
Жүрсем деймін көңіл шат, гүлді алаңдай Жүрсем деймін көңіл шат, гүлді алаңдай
Жүрсем деймін көңіл шат, гүлді алаңдай, жанарыма, жаныма мұң қамалмай. Жақтырмайды біреулер, менің үнім желкесін тырнағандай.
Өтіп жатыр күндерім Өтіп жатыр күндерім
Өтіп жатыр күндерім қуанышсыз, қайғысыз, үнсіз менің: көппен бірге жүреді құр сүлдерім. Күзгі жауын секілді сүйекке өтер
Туған жер Туған жер
Армысыңдар, туған жер, туғандарым, Кезіп жердің тау – тасын, нулы орманын Келіп тұрмын, безгем жоқ өздеріңнен – Мені алысқа сендерден қуды арманым.
Бір сезім жанарыңда елжіреген Бір сезім жанарыңда елжіреген
Бір сезім жанарыңда елжіреген жанымды тұңғыш рет дір еткізді. Басармын сол дірілді енді немен бір арман кернегендей жүректі ізгі.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×