ойын сауық отауы
Сен мені түсінсеңші
01.02.2016 1 953 0 Дауыл

Сен мені түсінсеңші

Өлеңдер
Фариза Оңғарсынова өлеңі

Сен мені түсінсеңші.
Түсінер деп жыр - маржан төгіледі
(төгілсе жыр, сол ғана көңіл емі).
Қошқар мүйіз әжемнің теруіндей
сөз тізбегі кеудемде өріледі.
Өзің жоқсың жанымда.
Теңіз - көңіл қалайша толқымасын
(есің шығып сүймесең, ол күнә, шын).
Мәңгі кетер өзіммен мұң - қайғымды
сен де түсінбеген боп, тор құрасың.
Елестетші: жалғыз жан... жым - жырт бөлме...
Шыдам таппай, он кіріп, он шығасың.
Айыпты өзің. Осылай құлазытып,
сонсын қайта көңілді толтырасың.
Менің көңіл - көгімнің жайлауысың,
сұраса жұрт, тек саған жол сұрасын.
Басқа ештеңе білмеймін. Есалаңмын
(Азабы ғой бұл маған Жасағанның).
Өзің айтшы, айтшы өзің, сыбырлашы,
өрт сезімді қалай мен баса алармын?
Жеткізсінші жырларым саған, жаным,
сен екенін тек жалғыз алаңдарым.
Мені еш нәрсе өмірде таң қылмайды:
даңқ, мансап, кей "мықты" адамдарың.
Білесің ғой, өзіңсіз мұңды жаным.
Үнім шықпай, мен іштей шыңғырамын:
"Түсінсеңші сен мені бар қалпыммен,
сарқылмашы мәңгілік, мың бұлағым!"
Саған деген сезімім теңіз сынды:
еш адамға көрінбес төңірегі,
толқындарға батады, көміледі.
Сен осылай құртасың, қуантасың,
тек моншақтар жыр болып өріледі.
Көңілімнен кетіп көп арман,
көзімде тұнып мұңдарым,
сәулелер быт - шыт жоғалған,
құштырып маған құндағын.
Қызғалдақ гүлдер дөң басқан
қызығы тоқтап қалғандай.
Түссе де кенет Жерге Аспан,
қарайтындаймын таңданбай.
Сезім - тұл Күш жоқ кернеген,
өртенуге де аз шамам.
Ғашық боп жүргендерге мен
немкетті жүзбен көз салам.
Кездестің менде жан қалғып,
жүргенде бұлттан Күн шықпай,
бей - жайлығымды талқан ғып,
шыр айналдырдың ұршықтай.
Өртеді - ау мені тәтті ернің,
жолықтың, жаным, кеш нағып...
Күрсіндім осы сәттердің
өткіншілігін еске алып.

Қызғанып қалма, жаным, сен Қызғанып қалма, жаным, сен
Біреулер менің қолымды қысса, жаныма қейде күліп кеп, қызғанып қалма, жаным, сен: сен үшін ғана құрметтеп мені тұратын шығар жігіттер, қызбалық
Мен онымен қай кезде көрісемін Мен онымен қай кезде көрісемін
Мен онымен қай кезде көрісемін? Қашан? Қашан? Айтшы сен соны, сенім?
Кейбіреулер мені айтып етеді үлгі Кейбіреулер мені айтып етеді үлгі
Кейбіреулер мені айтып етеді үлгі, мен күрсінем қысқартып жеке күнді. Ертеңіме асығам, есіме алып бұл жалғанда сенің бар екеніңді.
Өзіңді жерлеп келіп, жапа - жалғыз отырмын Өзіңді жерлеп келіп, жапа - жалғыз отырмын
Өзіңді жерлеп келіп, жапа - жалғыз отырмын. Меңіреумін. Айналамда қыстыққан еңіреулі үн...
Жұрт мені қатал дейді Жұрт мені қатал дейді
Жұрт мені қатал дейді найзағайдай мінезі шатырлаған, біреулері айтады ақыл маған: өркөкірек, тәкаппар, менменсіген...
Azaliya - Өзіңмен бірге Azaliya - Өзіңмен бірге
Azaliya Өзіңмен бірге
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×