ойын сауық отауы
Жұрт мені қатал дейді
05.05.2016 3 076 0 Дауыл

Жұрт мені қатал дейді

Өлеңдер
Фариза Оңғарсынова өлеңі

Жұрт мені қатал дейді
найзағайдай мінезі шатырлаған,
біреулері айтады ақыл маған:
өркөкірек, тәкаппар, менменсіген...
ұнатпайды дәл мұндай ақынды адам
(одан сайын мен шіркін қатуланам).
Біреулер қиялдайды:
мұндай адам ешкімді сүйе алмайды;
өтірік өлең жазады талықсыған,
қайдан ғана бал сезім таныс бұған?
(Түсініксіз қалпыммен байғұстарды
ойларымен өздерін алыстырам).
Біреудің жаны ашиды:
ол ақын ғой өзгеше, дара сыйлы:
ал ақындар сезеді барлығын да,
ақылды да болады, данасиды.
Жастар
жара түспеген жанына әлі
түсінгендей жанымды табынады;
менің асқақ ән мұңды жырларымды
іздеуі хақ солардың, сағынары...
Мен кешпеген дүние жоқ екенін
сезеді олар. Сезеді бәрі - бәрі.
Мен солай көрінемін,
Жер секілді құбылтқан өмір өңін.
Міз бақпайтын адамдай жүре берем,
күйіп - жанып жатса да төңірегім.
Білмейді жұрт (білмесін көңіл емін)
Менің барлық бал қылық, нәзіктігім
сенің ғана алдыңда төгілерін!

Менің атам Менің атам
Атам менің жақсы адам, ешкім одан аспаған. Фашистермен соғысып, оң аяғы ақсаған.
Қызғанып қалма, жаным, сен Қызғанып қалма, жаным, сен
Біреулер менің қолымды қысса, жаныма қейде күліп кеп, қызғанып қалма, жаным, сен: сен үшін ғана құрметтеп мені тұратын шығар жігіттер, қызбалық
Өз - өзімнен өртеніп барам жанып Өз - өзімнен өртеніп барам жанып
Өз - өзімнен өртеніп барам жанып, жүректен жас ағады тарамданып. Менде жай жоқ бұл күнде тым болмаса ақтарылар алдыңда саған барып.
Сен мені түсінсеңші Сен мені түсінсеңші
Түсінер деп жыр - маржан төгіледі (төгілсе жыр, сол ғана көңіл емі). Қошқар мүйіз әжемнің теруіндей сөз тізбегі кеудемде өріледі.
Керегіп жүр жаныма басқа бір ән Керегіп жүр жаныма басқа бір ән
Керегіп жүр жаныма басқа бір ән - қайсарлыққа, өрлікке тастар ұран. Маңыма ылғи біреулер жиналады сезімін - сел, жүрегін жас қарыған.
Келе жатам әрі мұңды, әрі асқақ - сезсең мені Келе жатам әрі мұңды, әрі асқақ - сезсең мені
Келе жатам әрі мұңды, әрі асқақ - сезсең мені, елемей еш пендені, көлгірсіген шуылдақ жұрттың бәрін қойдай көріп жайылған тепсеңдегі.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×