ойын сауық отауы
Өс, Ұлан!
02.10.2016 4 294 0 Дауыл

Өс, Ұлан!

Өлеңдер
Балалар ақыны Өтебай Тұрманжановтың өлеңдері

Сау болсын десең
Он екі мүшең -
Ерте тұр!
Құлақ түр,
Тыңда сыр.
Жапырақтар жырлар,
Гүлдер сыбырлар.
Күн нұрын күт!
Таза ауа жұт!
Бойыңа – құт.
Жүгір,
Селмен жарысып.
Жүгір,
Желмен жарысып.
Нұрға сылан,
Болып қыран,
Өс, Ұлан!

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Боранқұл селосы, Боранқұл орта мектебі
4 сынып оқушысы Бозаев Мейрамбек
Мұғалімі Нурекешова Тойган


Өтебай Тұрманжановтың өлеңдері

Нан қиқымын шашпаңдар Нан қиқымын шашпаңдар
Нан – ардақты адал ас Кәрі, жас одан аттамас. Ақ дастархан үстінде, Қол жумай оны ұстамас.
Қарабай - ау, Қарабай! Қарабай - ау, Қарабай!
Қарабай - ау, Қарабай! Шаш қойыпсың тарамай. Өсіріпсің қарамай, Басың болды шарадай!
Мен дәрігер боламын Мен дәрігер боламын
Ақ халатты киемін, Аппақ болып жүремін. Аппақ болып жүргенді Өзім жақсы сүйемін.
Тікен - гүлін қорғайды Тікен - гүлін қорғайды
Терек - бүрін қорғайды, Тікен - гүлін қорғайды, Ара - балын қорғайды, Құлан - қағын қорғайды,
Кел, балалар, күлейік! Кел, балалар, күлейік!
Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Қабақ түйген не керек? Көңілді боп жүрейік.
Көктем келді гүл алып Көктем келді гүл алып
Балалар - ау, балалар! Шақырады далалар. Көктем келді гүл алып, Құстар келді жыр алып.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×