ойын сауық отауы
Екі жасқа тілек
01.11.2015 4 160 0 Admin

Екі жасқа тілек

Өлеңдер
Екі жасқа тілек
Екі жасқа бақ жолына ұмтылған,
Бақыт тілеп әрдайым да күлсін таң.
Оларға әне ақ отаудың есігі
Қол бұлғап - ақ өмір атты тұр шыңнан.

Сол ақ отау бақ ырысқа кенелсін,
Іші, сырты арай нұрға бөленсін.
Ақ батаның шапағаты әрдайым,
Дари берер, ниет етсе, деген шын.

Екі жасқа сол ақ бата дарысын,
Ақ отауы болашақтың бағы шын.
Келешегі нұрлы жарық болсын деп,
Ашылып - ақ тұр оларға жолы шын.

Сол ақ жолдың қадірін шын ұға алсын,
Сол ақ жолға лайық боп тұра алсын.
Сол баянды бақ жолына куә боп,
Екі жастың әулеті әр кез қуансын!

Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы

40 жасқа тілек 40 жасқа тілек
40 деген көнбейтін жас құрыққа, 40 деген ұнайтын жас бар жұртқа. Қамал алған құтты болсын жасыңыз, Өрлей берсін өрге қарай тасыңыз.
50 жасқа толған Әкені қос қызының құттықтауы 50 жасқа толған Әкені қос қызының құттықтауы
Қалдыратын жақсы әсермен бүгін із, Папа, сіздің бүгін туған күніңіз! Сіз 50 - ге толғанда, Әке, жырменен Құттықтайды сізді ерке қос қызыңыз.
40 жасқа тілек, құттықтаулар, өлеңдер 40 жасқа тілек, құттықтаулар, өлеңдер
Қырық деген көнбейтін жас құрыққа, Қырық деген ұнайтын жас бар жұртқа. Қамал алған құтты болсын жасыңыз, Өрлей берсін өрге қарай тасыңыз.
Бақыттың тойы басталды Бақыттың тойы басталды
Келеді бүгін көгімнен тағы атып күн, Шырқайтын сәті бақ тілеп жасқа уақыттың. Қос аққу болып жұбайлық өмір басталып, Көтерілді туы бақыттың. Отауға
Наурыз-тілек Наурыз-тілек
Табиғаттың гүл еркесі Көктем күнін өткерсін, Сол гүл ерке атырапқа жақсылығын ап келсін! Көктеміне ілесе анық Наурыз кірсе есіктен, Сол Наурызбен
18 жасқа арналған құттықтау, тілек 18 жасқа арналған құттықтау, тілек
Бүгін, міне, сен үшін Дала шат боп жасыл жібек жамылды. Өйткені сен 18 - ге толған күн!!! Бір сен үшін мынау шәрбат өмірдің "Он сегіз!!!" деп
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×