ойын сауық отауы
Қамқор
27.09.2016 1 225 0 Дауыл

Қамқор

Өлеңдер
Ескен Елубаевтың өлеңі

Ойнақ салып бұзауым,
Қарашы үйден ұзауын.
«Ойна,- дей ме,- берірек»,
Енесі тұр мөңіреп.
Қайырып мен келейін,
Жарысып бір көрейін.
Ал кешқұрым болғанда,
Апам сиыр сауғанда:
«Бұзауға сүт қалсын», - деп,
«Тоя еміп алсын», - деп,
Шықпаймын мен жанынан.
«Көп саума», - деп жалынам.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл орта мектебі
Маханұлы Қуаныш
Мұғалімі: Мендигазиева Гүлжихан

Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері

Не белгілі, не белгісіз? Не белгілі, не белгісіз?
Сиыр кетсе табынға, Сүт әкелер - Белгілі. Ел кетсе шөп – шабынға, Шөп әкелер - Белгілі
Себеп Себеп
Алдым бүгін «екілік». Ойламап ем сұрар деп. Қорықпаймын, Жекіріп, Сонда да апам ұрар деп.
Нөмер Нөмер
Бұлттар төніп келеді, Нөсер жауар жиылса. Бұлттар төніп келеді, Сауыны келген сиырша
Мен бақташы Мен бақташы
Әкеме еріп, жиналып, Қолға қамшы аламын. Табынды өзім суарып, Шалғынға айдап барамын.
Алатау Алатау
О бастан – ақ жарасып Тұрған тұлға, реңі. Алатауды қарашы - Алматының кілемі!
Оқы, оқы және оқы! Оқы, оқы және оқы!
Балаларды сүйетін Күн боп туған еліме, Ілдік көсем суретін Әр кластың төріне.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×