ойын сауық отауы
Бәрінен де сен әдемі жеңгесің
21.11.2015 17 677 0 Admin

Бәрінен де сен әдемі жеңгесің

Өлеңдер
Бәрінен де сен әдемі жеңгесің
(Қайны, қайын сіңлілердің лебізі)

Арнап кетпей гүл - өмірдің жатқа әнін,
Біздің үйдің босағасын аттадың.
Сондықтан сен ең әдемі жеңгесің,
Өзің де әр кез сол қалпыңды сақтадың.

Ағамызға дедің де бақ құсыңмын,
Жүрегіңнен қадірлі орын ұсындың.
Жабырқаған болса біздің сәтіміз,
Жеңге болып сен алдымен түсіндің.

Сенің жаның - әсемдіктің әлемі,
Мінсіз мінез - болар соның дәлелі.
Жанарыңда күлімдейді бақ сәуле,
Айтылатын әзілің де әдемі.

Әдемі әр кез сенің салған әнің де,
Бұл әулетте иесің сен сенімге.
Сен естідің, сен тыңдадың әрқашан
Қандай алғыс болса айтылар келінге.

Кеудемізден арайлы арман ұшырдың,
Сол арманға ортақтастың - түсіндің.
Өкпелесіп қалған сәттер болса да,
Сен иілдің, сен алдымен кішірдің.

Біз салатын әнді бірге жырластың,
Бізбен бірге талай қиял қырға астың.
Біздің жүрек төрімізден сыр ұғып,
Жібек мінез қалпыңменен сырластың.

Көңіліңде айтылар көп ән, дастан,
Жырлай берші тоқтамастан, тынбастан.
Сенің нәзік жүрегіңе махаббат
Ізгілік боп ұя салған әу бастан.

Артық түсер бір ісінен бір ісі,
Әр тірлігің - біздің үйдің тынысы.
Десе жұрттар біздің үйдің келіні,
Дейміз біздер біздің үйдің ырысы.

Сондықтан да көңіл әр кез көктесін,
Нәзік жаның мұңның сазын шекпесін.
Жүректегі үзілмесін әсем ән,
Жанарыңнан сол бақ сәуле кетпесін.

Нұр жүзіңнен сол бақ сәуле сөнбесін,
Отауыңа мұңның табы келмесін.
Өйткені сен қайын сіңлі, қайнының
Шаттығына жаратылған жеңгесің.

Арман бағың айқын болып көрінсін,
Дейміз бізге лайықты сенімсің.
Өйткені сен біздің үйдің бағы мен
Бақытына айнала алған келінсің.

Сол жүзіңде болмасын деп қайғы - мұң -
Дидарыңнан көрдік әр кез ай нұрын.
Өзің сынды сезінсінші бар жеңге
Құрметін қайын сіңлі, қайнының.

Сені біреу ренжіттім демесе,
Сенің бәрі көңіліңді елесе.
Біздің үйдің босағасын аттауың -
Қандай жақсы болған сол кез, жеңеше!

8 наурызға арналған өлең 8 наурызға арналған өлең
Әйел деген ән салғанда әдемі, Әлденеге тамсанғанда әдемі. Қимай ғана қоштасқанда әдемі, Қуанышпен қарсы алғанда әдемі.
Әйел - сенің ақылшың Әйел - сенің ақылшың
Сенікі ме, менікі ме сонау гүл, Арман үшін жүрміз жазып алау жыр. Жат біреуге бақыт болып туатын, Әйелдерді еркелеткен жөн - ау бір.
Махаббат – адамға күш береді Махаббат – адамға күш береді
Махаббат – адамға күш береді, Әйелді – әдемі етеді. Еркекті – мейірімді етеді, Жүректі – жеңілдетіп, Өмірді – әдемі етеді!
Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған
Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған, Сонда жатыр менде жүрген орындалмас бар арман. Сенің жүзің көкте күннен, жерде гүлден нәр алған, Шашың
Бөбекке тілек Бөбекке тілек
Сеніменен атаң - әжең нәрленді, Әр қылығың ана жүзге әр берді. Сен арқылы бесік жақтан әкеңнің Құлағына шырылдаған ән келді. Әдемі ән еді, бәрі бірге
Екеумізде арман да ортақ, бірге үміт Екеумізде арман да ортақ, бірге үміт
Екеумізде арман да ортақ, бірге үміт, Жанымызға жуытпаймыз бір күдік. Сен алыстан оралғанда үйіңе, Шаңыраққа бірге енеді күн күліп. Осы күнді шын
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×