ойын сауық отауы
Қыста құстар қадірлі
27.09.2016 3 075 0 Дауыл

Қыста құстар қадірлі

Өлеңдер
Ескен Елубаевтың өлеңі
Қыста құстар қадірлі
Жер ақ қарға оранды
Күн аязды, оранды,
Жылы жаққа кеткен құс
Жылы жаққа оралды.
Мұрынымыз қызарып,
Құлақтарды үсітті.
Қысқа түндер ұзарып,
Кидік тон мен ішікті.
Суық торғай – сұр торғай
Кетпей қалды басқадай
Суықта да жүр торғай
Туған жерін тастамай.
Құстар бізге ұнайды
Туған жерде жүретін.
Суығына шыдайтын,
Ыстығына күйетін.
«Нағыз құстар солар», - деп
Қадірлейміз аса біз.
«Қарны ашып қалар», - деп
Күн сайын жем шашамыз...

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл орта мектебі
Маханұлы Қуаныш
Мұғалімі: Мендигазиева Гүлжихан

Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері

Құстар қайтып барады Құстар қайтып барады
Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып, Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып. Зымырайды менің бала кезімдей, Бір жалт етіп өте шыққан сезімдей.
Күн неге қысқарады? Күн неге қысқарады?
«Жазда неге түн қысқа, Керісінше күн ұзақ, Қыста неге күн қысқа, Керісінше түн ұзақ?»
Аязды күні Аязды күні
Далада аяз, қашан ғана тыншиды? Мұрынды бір, Құлақты бір шымшиды. Үйде Асан ыстық көже іше алмай Шек – қарны шұрылдайды, сыңсиды.
Дегбірсіз Дегбірсіз
Жаңа ғана пісірген Бұл ып – ыстық сүт еді. Асығып тұр ішуге Қалай шыдап күтеді?..
«Қортық» шыбық «Қортық» шыбық
Қар кетті де, жаз шығып, Екті Төкен жас шыбық. Жүрмеген соң суарып, Қалды ол бірақ қуарып,
Көктем келді гүл алып Көктем келді гүл алып
Балалар - ау, балалар! Шақырады далалар. Көктем келді гүл алып, Құстар келді жыр алып.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×