ойын сауық отауы
Мен неге мінбедім
28.09.2016 1 365 0 Дауыл

Мен неге мінбедім

Өлеңдер
Ескен Елубаевтың өлеңі

Отыр Өркен есептеп,
Бөліп жүйе - жүйеге:
«Мініп көрдім есекке,
Мініп көрдім түйеге.

Атты қойшы, ол оңай,
Оған кімдер мінбеген?
Автобус та дәл солай,
Онымен кім жүрмеген?

Поезға да түскен ол,
Астанаға барғанда.»
Самолетпен ұшпадым,
Әлі – бір», - деп арманда.

Көкке жетіп қиялы,
Ол армандап жүргенде,
Жұрт алдында ұялып,
Қалатынын білген бе?

«Екісін» жою қажет, - деп,
Суретін сап бір қызық,
Қойыпты оны газетте
Тасбақаға мінгізіп.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл орта мектебі
Маханұлы Қуаныш
Мұғалімі: Мендигазиева Гүлжихан

Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері

Сылтау Сылтау
Жарысқанда балалар Қосылды оған Жарқын да. Жүгіруге жарамай, Қалып қойды артында.
«Қортық» шыбық «Қортық» шыбық
Қар кетті де, жаз шығып, Екті Төкен жас шыбық. Жүрмеген соң суарып, Қалды ол бірақ қуарып,
Тұраптың ұсынысы Тұраптың ұсынысы
Ет астық біз, пісірдік, Бұрқыратып түсірдік. - Алыңыз, - деп, - алыңыз, - Жемек болдық бәріміз.
Бақытжанның амалы Бақытжанның амалы
Жүргенде ойын деп, Ашқан ғой қарыны, Бақытжан жейін деп Алды уыс тарыны.
Оқы, оқы және оқы! Оқы, оқы және оқы!
Балаларды сүйетін Күн боп туған еліме, Ілдік көсем суретін Әр кластың төріне.
Әйбат бала Әйбат бала
Қандай жақсы бала еді, Үстінде жоқ кір – сатпақ. Айта қойшы, кәне, енді Біздерге арнап бір тақпақ,-
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×