ойын сауық отауы
Шарап
26.09.2016 2 844 0 Дауыл

Шарап

Өлеңдер
Қадыр Мырза Әли өлеңі

Шарап, сенде бар жүзімнің ашу, кегі, ызасы.
Саған басын тұрады иіп дастарханның жүз асы.
Жасайсың сен ырду - дырду той - тамаша, сауық кеш,
Сол сауықты өзің және бірінші боп бұзасың.

Мұнша шақар болады деп кім ойлаған жүзімді.
Шарап, сені жеңемін деп талай мықты кіжінді.
Бірақ сен пілдің өзін бірте - бірте өгіз қып,
Үндеместің нағыз өзін жібересің мылжың қып!

Сен көңілді көтересің шынардай ғып, дырдай ғып,
Сен дауысты шығарасың сыбызғы ғып, сырнай ғып.
Сен адамға бермейтіннің бәрін, бәрін бересің,
Содан кейін жібересің бәрінен де жұрдай ғып!

Сені бір түн ішсе бір күн жия алмайды ел есін.
Бір бокалдан жазыласың, бір бокалдан өлесің.
Бейтаныс пен бейтанысты таныстырып болған соң,
Таныстарға тиісесің, бір туғандарды бөлесің!

Сол - ай, сенің тегеурініңе кім шыдады?!
Сеніменен шайқасуға қай қара дәу шығады?!
Сеніменен белдескеннің жоқ әлі бір жыққаны,
Сені жықса, жалғыз ғана белдеспеген жығады!

Әйткенменен, күнде - күнде бола бермес сауық той.
Сауық тойда әзіл - қалжың, ойнап - күлу салық қой.
Ішпейсің бе, сыйлы қонақ? Рахмет!.. Дегенмен,
Екіншісін ішпес үшін біріншісін алып қой!

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
11 сынып оқушысы Шағыманов Дарын

Дос керек маған... Дос керек маған...
Бұл көңіл деген бола бермейді - ау босқа алаң, Шарқ ұрып кейде іздейді екен дос - жаран. Айналам толы ниеті түрлі пенделер, Шегінем бір рет -
Жеңістер мен жеңілістен тұратын Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Жеңістер мен жеңілістен тұратын Тірлік - күрес. Жеткізе ме мұратың. Сол тірлікте керек екен бір адам Жүрегіңді жақынырақ ұғатын.
Той – тамаша пернесі Той – тамаша пернесі
Қызығыңнан қартаймас; Қазағыңның әулеті. Дос - жолдастан ортаймас Дастарханның дәулеті.
Шырқайын - сазды сырнай досым қайда Шырқайын - сазды сырнай досым қайда
Шырқайын - сазды сырнай досым қайда?! Әндетсем, қыз - бозбала қосылмай ма?! Думанның бозбаласыз қызығы жоқ - өртейін, өртенейін осындайда!
Аяз би Аяз би
Аяз биім! Аруағым, табынарым. Ар мен ақыл - бас иіп, бағынарым. Алдыменен сені ұғып, Сені сыйлар Маңдайына жазылған бағы бар ұл.
Бөбекке тілек Бөбекке тілек
Сеніменен атаң - әжең нәрленді, Әр қылығың ана жүзге әр берді. Сен арқылы бесік жақтан әкеңнің Құлағына шырылдаған ән келді. Әдемі ән еді, бәрі бірге
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×