ойын сауық отауы
Мұрат - мүдде пернесі
26.09.2016 2 407 0 Дауыл

Мұрат - мүдде пернесі

Өлеңдер
Қадыр Мырза Әли өлеңі

Қай жерде де бір өлім,
Қаймықпадым дәуден де.
Бүкіл жұрттың жүрегі
Мына менің кеудемде.

Бітпей қалған ел үшін
Бала күнгі ойыным да.
Бүкіл халық борышы
Мына менің мойнымда.

Адамды адам жылатып
Жатса жердің шетінде,
Ұят!
Бүкіл ұятың
Мына менің бетімде!

***
Жаны жомарт жерімде
Жүрсе де жұрт төркінсіп,
Жайғасып өз төрімде
Жата алмаймын еркінсіп.

Жаным жалын мекендеп
Жанған ердің жайын ұқ.
Жайлау өмір екен деп,
Жүре алмаймын жайылып!

***
Көңілім – дос соңында ерген құлын.
Құрбымның құшағында – терген гүлім.
Мен үшін барып тұрған ақырзаман –
Біреуден бір қиянат көрген күнім.

Әділдік ауылында түстенгенмін,
Ақиқат азап шексе тістенгенмін.
Мен үшін ең ғажап күн өмірімде –
Біреуге бір жақсылық істеген күн!

***
Көкейіне қонсын деп қазағымның,
Бір өлеңді бір емес, жазамын мың.
Жазып - жазып қалжырап,
Келесі күн
Рахатын көремін азабымның.

Болмай бірақ тұрмайды бір ағаттық,
Бірге тойлап қызығын жұрағаттың,
Бөсіп - бөсіп түнімен,
Келесі күн
Тартып жатамын азабын рахаттың!

***
Бәрін істе,
Жау не істесе батырға:
Аштан қатыр,
Бір тамшы су татырма! –
Бәрін де мен көтеремін,
Бәрін де.
Бірақ маған айқайлама,
Бақырма!

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
11 сынып оқушысы Шағыманов Дарын

Жақсылық құдайдан қайтады Жақсылық құдайдан қайтады
Ертеректе өзен жағасында жұмыс істеп жатқан бір шаруа өзенде ағып бара жатқан бір кішкентай баланы көріп, жалма - жан суға секіріп түсіп, баланы
Бір тойым бар - Төлеген Айбергенов Бір тойым бар - Төлеген Айбергенов
Бір тойым болатыны сөзсіз менің, Дәл қай күні екенін айта алмаймын. Бірақ... бірақ... Ешкімді де билетпей қайтармаймын.
Апама Апама
Әлпештеген, аялаған, Ардағым деп, апатайым. Сәлем жазып бүгін саған, Қуанышыңды құттықтаймын.
Сүйген қызыңа немесе жан жарыңа арналған хаттар. Сүйген қызыңа немесе жан жарыңа арналған хаттар.
Сәлем, қымбаттым! Сен бұл хатты, мүмкін, ешқашан оқымайтын шығарсың...
Бір адамға алдансаң, бүкіл әлем алдамшы көрінеді Бір адамға алдансаң, бүкіл әлем алдамшы көрінеді
Бәрін бұзуға бір секунд жетіп жатыр, ал қалпына келтіру үшін бүкіл ғұмырың жетпеуі мүмкін. Сондықтан айтар сөзіңді ой елегінен өткізіп барып айтқан
Шопан Шопан
Тұрмын деп астанада, нән қалада, Алмаймын таңдана да, паңдана да, Біз жүрміз автобуста сығылысып, Сен болсаң бір өзіңсің маң далада.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×