ойын сауық отауы
Ақиқат пен өтірік
02.10.2016 9 870 0 Дауыл

Ақиқат пен өтірік

Өлеңдер
Қадыр Мырза Әли өлеңі

Ақиқат пен өтірік - бөлек бесік,
Ар - ожданға жүрсек те көмектесіп.
Ажыратып болмайсың ақ - қараны,
Адамдардың өмірге көп өкпесі.

Даулы сөздің көрдім де елеп көбін,
Дұрыс пенен бұрысты бөлектедім.
Қаншалықты күдікпен қарасам да,
Көңіліме қонады көбі өкпенің.

Болмағанмен дастанның тарауында,
Біраз - біраз қызықтар бар ауылда.
Дарындымыз
Қырмызы дипломмен,
Дарынсыздың істейді қарауында!

Мұңайтады пікірлес,
шерлестерім.
Мейманыңа біреулер бермес төрін.
Біреулер жүр лайық жұмыс таппай,
Біреу отыр жинап ап жерлестерін.

Ақиқатын айталық, күрмермелік,
Арандарға - үй емес, түрмең көрік.
Бес бөлмеде біреулер әйелімен,
Бес жаны бар үйде отыр бір бөлмелік.

Өлмей тірі кетпейді шал бастығы,
Бір - бірімен өзара алмасты мұң...
Кереметтей келбетті кейбір жігіт
Күйеуі боп жүреді албастының!

Жататұғын жан қайда мұны жұптап!
Жақұттардың алдында қыбыжықтап,
Күндей сұлу қыздарың кей кездері
Көзін жұмып шығады құбыжыққа!

Қақас қалып көбіне небір дарын,
Қараулықпен май жиған жебір қарын.
Кім кінәлі?!.
Адамша істеңдер деп,
Өзімізге тапсырған Өмір бәрін!

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
11 сынып оқушысы Шағыманов Дарын

Ақыл - Сәбит Дөнентаев Ақыл - Сәбит Дөнентаев
Мен сені жандай жақсы көрдім, ақыл, Сонан соң, іздей, сұрай бердім ақыр. «Менде бар, менде бар» деп әр біреулер, Жан біткен саған толық болып жатыр.
Өтірік Өтірік
Ә дегенге мә десіп, өре тұрып, Бет ауызды соққыға бере отырып, "Құладым деп оқыста" ата - анаға Қорыққаныңнан айтасың бір өтірік!
Шындық Шындық
Ақындық шығар айыпты, Әлі білмен себебін. Өлеңге айтып қойыппын Өмірдің айтпа дегенін.
Біреулер масаттанып табысына Біреулер масаттанып табысына
Біреулер масаттанып табысына, жүгірер бас пайдаға жан ұшыра. Біреулер билік тисе маңғазданып, ұмытар қайда екенін абзал халық.
Көне көрініс Көне көрініс
Сол баяғы ғұмырды Салады еске аулалар. Босатқанда шығырды Салдырлайды қауғалар.
Жазылар естеліктер мен туралы Жазылар естеліктер мен туралы
Жазылар естеліктер мен туралы, Біреулер жан еді дер өр тұлғалы. Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін, Бүтінделмей кеткен бір ер - тұрманы.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×