ойын сауық отауы
Наурыз
11.03.2024 9 042 0 Дауыл

Наурыз

Өлеңдер
Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын,
Үйіміз шат күлкіге, әнге толсын,
Жылына бір рет келер бұл мереке
Әкелсін дастарханға құт - береке!

Бұл күні теңеледі күн менен түн
Құлаққа естіледі жағымды үн
Әкелсін тек қуаныш Наурызымыз
Бас аман, болсын бүтін бауырымыз!

Бұл күні қырғын - шайқас тоқтатылған
Бір - біріне жақсы тілек айтылған
Бұған дәлел Фирдоусидің «Шахнамасы»
Жоқ оған ешкімнің де таласы

Қанға сіңген қонақжайлық қасиет
Кісі келсе «Қырықтың бірі – Қыдыр» - деп
Дастархан жайып, жарқын жүзбенен
Күткен екен шын көңілмен, ақ ниет.

Сары майын қарынға салып баптаған,
Жал - жаясын түтінге салып қақтаған
«Ұзын Сары келгенде жейміз ғой» - деп
Бар тәттісін кейін қойып, сақтаған.

«Наурыз көже» маңдайларын жібіткен,
Даладай дархан, көңілдері неткен кең!
Бұл күннің қасиетті саналуы,
Самарқанның көк тасын да еріткен.

Қыдыр ата Наурыз түні аралайды даланы
Бесіктегі жылаған, тербетеді баланы
Кездейсоқта көзі түскен адамдарға
Дарытып дәулет, басына бақ қондырады.

Уақыт ғана бізге әділ таразы
Таусылмасын бұл өмірдің базары
Түссін бізге Қыдыр ата назары
Қазағымның жұлдызы әлі жанады.

Жақсылықтың жаршысы – Қыдыр ата,
Беріңіз бар қазаққа мықты бата.
Заманымыз тыныш болып, Қазақстан,
Жеңістерге жете берсін, әрбір таң!

Көктемді қанатына ілестірген
Пейілін Адамзаттың кеңіттірген
Тойлары дөңгеленген дүниенің,
Ұзағынан болсын деп, сүйінемін!

Ұстаз: Гульнар Хабаева

Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз мейрамы құтты болсын!
Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің
Наурыз бата Наурыз бата
Ниеттерің ақ болсын, Наурыздың ақша қарындай! Бастарыңа бақ қонсын, Шашыңның барлық талындай!
Ұлыс күніне арналған халық өлеңдері Ұлыс күніне арналған халық өлеңдері
Қазақ халқы Жаңа жылды 22 наурыз күні қарсы алады. Сол күні даланы Қызыр баба аралап, Самарқанның көк тасын ерітсе керек. Сондықтан осы күнді асыға
Құрметті ұстаздар, аналар және қыз - келіншектер! Құрметті ұстаздар, аналар және қыз - келіншектер!
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Көктемгі күндей құлпырып жүздеріңізден күлкі мен қуаныш кетпей жүре
Наурыз-тілек Наурыз-тілек
Табиғаттың гүл еркесі Көктем күнін өткерсін, Сол гүл ерке атырапқа жақсылығын ап келсін! Көктеміне ілесе анық Наурыз кірсе есіктен, Сол Наурызбен
Наурызға арналған бата - тілектер Наурызға арналған бата - тілектер
Наурызға арналған бата - тілектер Ұлыс күні қазан толcа, Ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алса, Сонда әрқашан жол болар.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×