ойын сауық отауы
Күзгі көңіл
18.10.2016 1 943 0 Дауыл

Күзгі көңіл

Өлеңдер
Жұмекен Нәжімеденов өлеңі

Терек, қайың; гүл мен тікен; жас, кәрі -
қалтылдайды сап - сары шөп бастары.
Көңіл желін бұлтпен басып тастады,
күзгі өңірдің шаттығы да сап - сары.
Сары бәрі, тек асау шың тұр аппақ,
Теңселеді алтын емен күңіреніп,
әр бұтағы бір - бір батпан мұң болып.
Сап - сары жел бәрін - бәрін қуғындар,
боз аспан тұр қылау бүркіп, суытып.
Жас жігіттен сырт айналар сұлулар
көктемдегі ғашықтығын ұмытып.
Қызыл перде қыз әйнегін жаңағы,
жігіт емес, сары жапырақ қағады...
Күн сараңсып сарғыш сәуле құяды,
сарғыш тартқан секілді ғой сия да?!
Қыз алдында көктемде айтқан сөздерін
Жігіт те енді есіне алар ұяла...

Маңғыстау облысы,
Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы, Опорный орта мектебі
3 сынып оқушысы Мейрамгалиқызы Гүлсезим
Сынып жетекшісі Шайпакова Алия

Сұрақ Сұрақ
Жер байғұстың бағына, әй, жаумады - ау, жаумады. Тұр ма ана бұлт тағы да басқа жаққа ауғалы?!
Тепе - тең Тепе - тең
Ей, Алатау, саған бұл не болды жер бауырлап? Бұлты қонып ғаламның жатырмысың ауырлап?!
Алма Алма
... Жағып тұр бұталар қып - қызыл шырағын, Жымыңдап ағады бір ағын - Көрсем де көп қызыл алманы алмадым - шыдадым.
Бояулар туралы Бояулар туралы
Бояуы бір ақша бұлт пен ақ қардың, Көк аспан мен шалқар көлдің түсі бір. Сен де өзіңше талай ойды ақтардың - Мықты болсаң дәл осыны түсіндір.
Қошалақ Қошалақ
Жатырмысың, самалды сай, сырлы алап, жусаныңнан сынап - шықтар сырғанап. Құм - шағылдан өсіп шыққан шоқыңа, жолаушыдай өте алмадым бір қарап.
Нарын түні Нарын түні
Сары иық Нарын құмының Күзгі түні тартты ызғар, Жарығы ай нұрының Жерден ине тапқызар.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×