ойын сауық отауы
Өмір
18.10.2016 2 308 0 Дауыл

Өмір

Өлеңдер
Жұмекен Нәжімеденов өлеңі

Бір күйді бастайыншы, күй артығы
өзен боп бір теңізге құяр түбі...
қайтсем де бүгін Мекке барамын деп
желіден өреді екен түйе әр күні.
Теріп қырқып сол түйе әр бұтаны,
жантақ, сораң, қаңбақты қарбытады.
Түске жақын күрсініп күлге шөкті...
ұлы сапар басталмай қалды тағы.
Әркім де тілек қылып жүр күресіп,
жатыр үміт бірде өшіп, бір күні өсіп.
Таңғы көңіл - ашқарақ,
түсте тойып,
ертесіне тағы да тірлік осы.

Маңғыстау облысы,
Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы, Опорный орта мектебі
3 сынып оқушысы Мейрамгалиқызы Гүлсезим
Сынып жетекшісі Шайпакова Алия

Сұрақ Сұрақ
Жер байғұстың бағына, әй, жаумады - ау, жаумады. Тұр ма ана бұлт тағы да басқа жаққа ауғалы?!
Тепе - тең Тепе - тең
Ей, Алатау, саған бұл не болды жер бауырлап? Бұлты қонып ғаламның жатырмысың ауырлап?!
Бос уақыт Бос уақыт
Уақыттың бестен кейін бос болғаны емес пе жамандығы дастандардың? Уақыттың бестен кейін бос болмағы демек пе ең күйшінің де қасқайғаны?
Алма Алма
... Жағып тұр бұталар қып - қызыл шырағын, Жымыңдап ағады бір ағын - Көрсем де көп қызыл алманы алмадым - шыдадым.
Отан Отан
Бел балаң ем, өсейін бір шынығып, заводтарда болат илеп, шыны үгіп. Семіруге келгенім жоқ өмірге, аулақ жүріп, ауа жұтып, тынығып.
Қошалақ Қошалақ
Жатырмысың, самалды сай, сырлы алап, жусаныңнан сынап - шықтар сырғанап. Құм - шағылдан өсіп шыққан шоқыңа, жолаушыдай өте алмадым бір қарап.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×