ойын сауық отауы
Жалғыздық
26.10.2016 3 534 0 Дауыл

Жалғыздық

Өлеңдер
Махамбет Өтемісұлы өлеңі
Жалғыздық
Бұл дүниенің жүзінде
Айдан көркем нәрсе жоқ -
Түнде бар да күндіз жоқ.
Күннен көркем нәрсе жоқ -
Күндіз бар да түнде жоқ.
Мұсылманшылық кімде жоқ?
Тілде бар да дінде жоқ.
Көшпелі дәулет кімде жоқ?
Бірде бар да бірде жоқ.
Азамат ерлер кімде жоқ?
Еріскен күні қолда жоқ.
Заманым менің тар болды -
Тура әділдік биде жоқ.
Бәрін айт та бірін айт -
Қаумалаған қарындас
Қазақта бар да менде жоқ.
Менің атым - Махамбет
Менің атым - Махамбет,
Жасқұстағы Жәңгір хан
Ісінен болдым құса - дерт.
Атасы өткен Айшуақ -
Соның көзі көрді ғой:
Менің атам Өтеміс
Елдің қамын жеді ғой.
Біз бір енеден бір едік,
Бір енеден екі едік -
Екеуіміз жүргенде,
Бір - бірімізге ес едік.
Бір енеден үш едік -
Үшеуіміз жүргенде,
Толып жатқан күш едік.
Бір енеден бес едік -
Бесеуіміз жүргенде,
Алашқа болман деуші едік.
Өтемістен туған он едік -
Онымыз атқа мінгенде,
Жер қайысқан қол едік!
Біз ер едік, ер едік,
Ен Нарында жүргенде
Талма талтүс шағында
Тай жеген тарлан бөрі едік...
Біздің жайды сұрасаң,
Ерте көшіп, кеш қонған
Санаулы сәнді орданың бірі едік!

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
9 сынып оқушысы Рашитова Рашиля

Махамбет Өтемісұлы басқа өлеңдері

Айдан ару нәрсе жоқ. Базар жырау Айдан ару нәрсе жоқ. Базар жырау
Айдан ару нәрсе жоқ, Түнде бар да, күндіз жоқ. Күннен ару нәрсе жоқ, Күндіз бар да, түнде жоқ.
Жау, жаңбыр Жау, жаңбыр
Аяқ асты түнеріп, Туған жердің аспаны, (Көптен күтіп жүр едік), Жауын жауа бастады.
Ұят болды - ау Ұят болды - ау
Сен де кеттің, Мен де кеттім, Ол да кетті ауылдан. Осынымыз ұят болды - ау, ұят болды - ау, қауымнан!
Қара қамба Қара қамба
Әлі менің есімде қара қамба, Қарның тойып қалатын қарағанда. Жеткізе алмай тұрса да әр адамға, Әбіужауһан болатын балаларға.
Суық күз сұрғылт... Суық күз сұрғылт...
Суық күз сұрғылт, Сұрланып аспан,- күн жауған. Күн жауған шақта қайтатын едік қырманнан. Көтеріп алып, Өтетін едік сулардан, Қызғалдақ - қызды
Ол шақты қайтем Ол шақты қайтем
Көлшікте, біздің іргеде, Бақаның хоры басталған. Күнде де, айлы түнде де, Сорғалап нұр тұр аспаннан.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×