ойын сауық отауы
Жазғытұрым
26.10.2016 2 603 0 Дауыл

Жазғытұрым

Өлеңдер
Жүсіпбек Аймауытов өлеңі

Жазғытұрым
Ой, балалар, балалар!
Жылы - жылы жел соқты,
Жылғалардан су ақты.
Қаңқыл - қаңқыл қаз кепті,
Жер қарайды: жаз кепті.
Желкілдейді көк майса.
Желіндейді мал жайса.
Ауыл көшті қыстаудан,
Әне, апамдар қой сауған,
Құс ұясын түзеді,
Тайымды ағам күзеді.
Ел ешкісін қырқыпты.
Егіндерін жыртыпты.
Ой, балалар, балалар.
Ойналық та күлелік,
Қос басына мінелік.

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
9 сынып оқушысы Рашитова Рашиля

Отағасы Отағасы
Балалар, аттаныңдар қас қарайлы. Іңірде ұры – өтірік баспалайды. Күн болат, ай қараңғы, қасқыр қатты, Көкшолақ қаңғып кетсе таспалайды.
Қыс Қыс
Жалп - жалп, жалп-жалп жауды қар. Тон киіндік, тоңды мал. Бұрқ - бұрқ, бұрқ-бұрқ боран бар, Боран жоқта тұман бар.
Жаз келді Жаз келді
Күн жылынып, қар да еріп дүрілдеп, Сай - саладан сулар ағып, күрілдеп, Ой мен қырда басқызбайды сар балшық. Әлем - тапырық жердің беті іріңдеп.
Жазғы шілде Жазғы шілде
Ой, балалар, балалар! Шілдем - шілдем, шілде айым. Шырлап торғай күн сайын. Шұбар ала шешектер,
Оқу, білім Оқу, білім
Оқу, білім - жанған шырақ, ойласаң. Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң. Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал. Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң
Жалған дүние Жалған дүние
Қоғалы көлдер, құм, сулар Кімдерге қоныс болмаған? Саздауға біткен құба тал Кімдерге сайғақ болмаған?
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×