ойын сауық отауы
Тұңғиық түпсіз астында
26.10.2016 3 867 0 Дауыл

Тұңғиық түпсіз астында

Өлеңдер
Жүсіпбек Аймауытов өлеңі

Тұңғиық түпсіз астында
Су сабалап, суды тіліп,
Көк теңізде келе жатты бір кеме.
Бір мезгілде түсі суық
Бір қара бұлт көкке ойнақтап,
Шыға келіп, төнді теңіз үстіне.
Сол - ақ екен теңіз тулап,
Таудай - таудай қара толқын
Теңізді салды талқыға
Долы дауыл буырқанып.
Ұстаудан шыққан андай ұлып,
Кеменің кенеп майшаларын
Сатырлатты, қиратты.
Анда - санда қара тұман
Найзағаймен жарық етед.
Көк күркіреп, су күңгірлеп,
Кенеттен кейде шарт етед.
Кемеге ажал таянды
Кемені су кернеді.
Сырғауылдар қырады
Кенеп қанат өрім - өрім
Жалбырады салбырап
Дауыл мен толқын ән қосып,
Кемені жанышты иледі,
Дәрмен кетті кемеден
Суға батып жөнелді...
Таң шашырап атқанда,
Береке, бөшке, арқан, жіп
Тақтай - мақтай ағып жүр.
Сол тақтайдың біреуінде
Әлде қандай мейірімді қол
Мықтап тұрып байлаған
Нәресте кетіп барады.
Шөптей жеңіл тақтайында
Торғайдай боп көрініп.
Қара толқын арасында,
Тұңғиық түпсіз астында,
Қатерден ешбір хабарсыз,
Көңілі қамсыз, өзі шат
Жымиып күледі жас бала.
Балдырғандай жас қолдарын
Шолтаңдатып, су сабап,
Салқын суға малады.
Малайын деп, малмайды:
Толқын қолға соғады.
Толқынның әппақ көбігі
Баланың үстін қаптайды;
Толқынның бүріккен ұшқыны
Ұшықтайды баланы.
Оны бала ойын ғой деп,
Жыпылықтап, көзін қысып,
Сақылдап тұрып күледі
Қызық қой тегі балаға!
Түпсіз терең көк теңіз
Қорқытпайды баланы,
Асқар таудай көк толқын
Ұшырмайды зәрені.
Өмірде мен де көремін
Қайғысыз, қамсыз көңлі шат
Жымиып тұрған жандарды
Масайраған жүздерді,
Күлсе аузынан гүл төгіп,
Санқылдаған үндерді
Көрген сайын есіме
Еріксіз бала түседі,
Сондай қамсыз, сондай шат,
Күлкісі тәтті, ләзәтті.
Жабысып жалғыз тақтайға,
Қара толқын ішінде,
Тұңғиық түпсіз астында
Мәз болып күлген баланы.

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
9 сынып оқушысы Рашитова Рашиля

Бурабай толқындары. Қасым Аманжолов өлеңі Бурабай толқындары. Қасым Аманжолов өлеңі
Баурында «Оқжетпестің» тұрдым жалғыз, Көл жатты күле толқып, айтып аңыз. Үстінде Бурабайдың жарқ - жұрқ етіп, Қайықпен келе жатты аққудай қыз.
Сабырлық Сабырлық
Бір патша шеттен әкеле жатқан бір құлымен кемеге келіп отырды. Құл бұрын теңіз көрмеген, кеме азабын шекпеген еді. Сабыр ете білмеді. Қатты жылап,
Алты аяқ Алты аяқ
Тұңғиық, түпсіз ашулы, Асау теңіз толқыған. Бойымды топырақ басулы — Жүре алмаймын, жол тұман!
Жалау Жалау
Жалғыз жалау жалтылдап Тұманды теңіз өрінде. Жат жерде жүр не тындап? Несі бар туған жерінде?
Бұтақ Бұтақ
Айтшы, бұтақ, қай жаққа, Жолың болсын, жүзесің? Толқыннан таудай қорықпастан, Теңізді түпсіз кезесің!
Жер жүзін топан басса екен Жер жүзін топан басса екен
Жер жүзін топан басса екен! Асқар таудан асса екен! Таудай толқын құтырып, Улы көбік шашса екен!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×