ойын сауық отауы
Заула, егемендік тұлпары!
08.02.2017 1 807 0 Admin

Заула, егемендік тұлпары!

Өлеңдер
Заула, егемендік тұлпары!
Көк байрағым желбіреп асқарымда,
Алтын шуақ төксе
Күн аспанымда,
Ауыздығын шайнаған арғымақпен
Айға да біз жетерміз қас - қағымда!
Аман болсын туған ел қайғы - мұңнан,
Абай болсын алыс жұрт айбынынан.
Айналаға тарасын жақұт - сәуле,
Аңсап жеткен азаттық таң нұрынан.
Жайым болмас дәл бүгін іркілерге,
Тұяқ тарпып тұлпарым сілкінер де!
Тәуелсіздік, теңдіктің туын тіктеп,
Жар салады жайсаң ұл бүкіл елге!
Көз қызығар көркіне қазанатым,
Тұғырына қонып нық азаматым,
Заулай ағып барады болашаққа,
Жария етіп ғаламға қазақ атын.
Заман - заңғар, ілесіп ұлы ағынға,
Арғымақтың ойнармын құлағында.
Қазақстан – бақытым, бұлағым да,
Арқасүйер Отаным – қыраным да!

Автор: Ғалым Әріп

Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Шөміш қағу Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Шөміш қағу
Сәуір айында, әлбетте, күн жыли бастайды. Сол кезде күн күркіреп, көкте найзағай жарқыл салады. Мұндайда ел - жұрт еңсе көтеріп, жадырай серпілісіп:
Ер болсаң, ем бол! Ел сүйсінер бел бол! Үмбетәлі ақынның батасы Ер болсаң, ем бол! Ел сүйсінер бел бол! Үмбетәлі
Ер болсаң, ем бол! Ел сүйсінер бел бол! Ер жүрек екпінді, Ел бастаушы сен бол!
Дастархан басында берілетін бата-тілектер Дастархан басында берілетін бата-тілектер
Жарылқа, Алла, қабыл ет, Жарылқаудың қамын ет! Ізет - абырой, бақ - дәулет, Қызыр қарап, бақ қонып, Не тілесең, Соның бәрін қабыл ет!
Сен аман бол... Сен аман бол...
Сен аман боп жүрші, жаным, ләйім, Арманым да, ардағым сен – Күн, Айым. Тұнба бұлақ секілденген көздерің Тәңіріден мұңланбауын сұрайын.
Абыройы Күнмен жарысқан Абыройы Күнмен жарысқан
Абыройы Күнмен жарысқан, көкірегінен әсем ән ұшқан, мейірін төккен адамға бақытты байтақ даламда
50 жасқа тілек 50 жасқа тілек
Жан аға, құтты болсын 50 жасың, Әр уақытта домалап өрге тасың. Бізді әрқашан бауырыңа жақын тарттың, Әрдайым аман болсын алтын басың.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×