ойын сауық отауы
Өлең жазбасам
01.02.2017 1 969 0 Дауыл

Өлең жазбасам

Өлеңдер
Тұманбай Молдағалиев өлеңі

Өлең жазбасам,
бірдеңем жоғалғандай,
Мазам кетіп жүремін оңала алмай.
Әлсіздік пен мәнсіздік, мазасыздық,
Соңымнан бір ереді олар қалмай.

Өзімді өзімді ұнатпай,
құнсызданам,
Көз алдыма келеді күнсіз далам.
Қуат таппай ұшуға, қонуға да,
Мұңаямын, өзімше құр сызданам.

Бақытпен де кезінде бастас едік,
Бара жатам біртүрлі босқа семіп.
Өзімді өзім алдаймын,
өтірігіме
Өзім сенбей, қалардай басқа сеніп.

Мейіріменен көңілін жібітті де,
Аяқ басты шалдыққа жігіт, міне.
Не тапсам да, барлығын жырдан таптым
Күдікті де, күлкіні, үмітті де.

Өмірімнің өзені жай ақпастан,
Күнде таңда ұйқымнан оятты аспан.
Жырдың өзі - бітпейтін денсаулығым,
Ерке күнім ертеңге аяқ басқан.

Жарқылдаймын, кәрілік, сені ұмытып,
Жігіттіктің кеудеме желі бітіп.
Өмір сүрсем дейтұғын үміт - кеме
Жағалауда тұрады мені күтіп.

Ұзатылып бара жатқан қыз секілді дәуренім. Ұзатылып бара жатқан қыз секілді дәуренім.
Ақ тұманның арасынаншетін көріп таңдай аппақ сәуленің, Өз өзімді әлекке сап әуремін. Артына да айланып бір қарай алмай қиналып, Ұзатылып бара жатқан
Өзімді іздеп, өзіңізге жолықтым. Танакөз Толқынқызының өлеңдері. Өзімді іздеп, өзіңізге жолықтым. Танакөз
Өзімді іздеп, өзіңізге жолықтым, Күнә емес, Күн әлем боп ашылды.
Келе жатам Алматыға жаяулап Келе жатам Алматыға жаяулап
Келе жатам Алматыға жаяулап, Келе жатам, арман қуып, ой аулап. Жапырағын баяу ғана қозғайды, Ұйықтамаған, ұйықтамаған ояу бақ.
Ана Ана
Құлайын деп бара жатам құлдырап, Көңілім жүдеп, көзім алды бұлдырап, Сол кезде бір ән естимін жақыннан, Аққан бұлақ секілденген сылдырап.
Таң атты, біраздан соң күн шығады Таң атты, біраздан соң күн шығады
Таң атты, біраздан соң күн шығады, Жаяды бар әлемге нұр шұғаны. Тағы ерте оянып ап ой қуалап, Көңілім бір жақтарға құлшынады.
Өзімді жүрегіңнің есі қылдың Өзімді жүрегіңнің есі қылдың
Өзімді жүрегіңнің есі қылдың, бұл жайды, амалым не, кеш ұғындым. Өзіңді мен де оңаша қиялдадым, жаным деп жүрегімнен күй арнадым.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×