ойын сауық отауы
Туған жерге
04.03.2017 13 802 1 Дауыл

Туған жерге

Өлеңдер
Тұманбай Молдағалиев өлеңі

Күнім сенсің, тас төбемде тұрса түн,
Анам сенсің, жолдан тайсам, ұрсатын.
Саған қарай ұлып келем, туған жер,
Көктем жаққа құстар солай ұшатын.

Сенде көктем, сенде алма ағаш гүлі бар,
Аспанында аяулы елдің жыры бар.
Ақсұңқарың қанша биік ұшса да,
Саған келер, саған келіп жығылар.

О, туған жер, қадіріңді кім білген,
Мен қырыңнан теруші едім бүлдірген.
Сенде өткізген артық екен бір күнім,
Басқа жерде той тойламаған мың күннен.

Қайда жүрсем, ойлап сені жүремін,
Сүйікті елім, момын елім, ұлы елім.
Саған ғана арқамды мен сүйедім,
Саған ғана аяғымды тіредім.

Кетсем сенен арысырақ жыраққа,
Мен өзіңді көрмесем - ақ бір апта,
Жүдеп қалам, ұқсап қалам сонда мен
Құяр жерін таба алмаған бұлаққа.

Ақ қайыңдар, көк теректер, тыңдаңдар,
Жеңешелер, қарындастар, туғандар,
Көрініңдер, қарсы алдымнан шығыңдар,
Менде сендер оқымаған жырлар бар.

Әкел маған тұлпар атты ең мықты,
Көрсін дүние жүйріктікті, ерлікті,
Кең далада қалсын бойым жазылып,
Кең далада қалсын бойым жазылып,
Кең далада үйреніп ем кеңдікті.

Дәмем де зор үлбіреген гүліңнен,
Осы сенен қаламадым бүгін мен.
Қажетіңді аша алмасам егерде,
Қиып таста көктетпей - ақ түбімнен.

Тұманбай Молдағалиев басқа өлеңдері

Туған жер, Отан туралы өлең шумақтары Туған жер, Отан туралы өлең шумақтары
Шықшы тауға, қарашы кең далаңа, Мәз боласын ұқсайсың жас балаға. Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең, Шарсайсың ба, құмарың бір қана ма?
Атамекен Атамекен
Сүйем сені туған ел - атамекен, Абзал анам сенсің ғой құшағың кең. Жер мен көктің жаннаты бір өзіңсің, Сенен артық не табам, қайда кетем.
Көлің қайда, туған елім? Көлің қайда, туған елім?
Көлің қайда, туған елім? Шабақ болам титтей. Белің қайда, туған елім? Ойнақтайтын киіктей.
Елім, саған ғашықпын! Елім, саған ғашықпын!
Елім! Саған ғашықпын. Ғашықпын саған: Құмарымды қандырмап едім. Батыр болып, бақ қонып, асып тұрса адам, Қаруы жоқ құлың ғой алдыңда сенің.
Елім барда Елім барда
He сыйлайды, не береді келер күн?! Неде болса тірі тұрсам көрермін. Желідегі құлынымын мен елдің, Көгендегі қозысымын мен елдің.
Апырмай, туған жер - ай Апырмай, туған жер - ай
Апырмай, Туған жер - ай! Теңдесер кім, Бұл жерге сен болмасан, келмес едім. Кіндігімді байлаған қазығым - ай, Сен болмасаң, бұл маңды көрмес едім.
Пікірлер (1)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Дания
#1 Дания Қонақ 22 қаңтар 2019 22:59
Туған жерге
×