ойын сауық отауы
Қыран құс. Тұманбай Молдағалиев
05.03.2017 5 726 0 Дауыл

Қыран құс. Тұманбай Молдағалиев

Өлеңдер
Тұманбай Молдағалиев өлеңі

Қыран құс
Бақыттысың, қыран құс,
Бақытыңда шек бар ма.
Тағдырыңа айтасың ғой мың алғыс
Аспан барда, көк барда.

Сәл қамықсаң түнеріп,
Аспан бар деп ойлайсың.
Қанатыңды қағып - қағып жіберіп.
Шарықтайсың, ойнайсың.

Бақыт, міне, күш міне,
Шақырады жел күнде.
Қайсы бұлттың шығам десең үстіне,
Ол өзіңнің еркіңде.

Аяздарда тоңасың,
Жат қой саған дерт дейтін.
Қонам десең, қияға кеп қонасың,
Мерген осы жетпейтін.

Су мөлдірін ішесің,
Таңғалмайсың күштіге.
Түсем десең, тура келіп түсесің
Өз жауыңның үстіне.

Шырқау көкте ойнаған
Дауылдан да сен мықты.
Сенен ғана үйренсем деп ойланам
Еркіндік пен ерлікті!
Тұманбай Молдағалиев басқа өлеңдері

Ұлыма тілек. Тұманбай Молдағалиев Ұлыма тілек. Тұманбай Молдағалиев
Ағайын, туған жақыннан ақылдымын деп ойлама, Бір іске кірсең батылдан, бұға беруді қой, бала. Өзіңнің туған күніңді айналып жылда келетін Біте
Наурыз келді, Күлеке, байқадың ба? Тұманбай Молдағалиев Наурыз келді, Күлеке, байқадың ба? Тұманбай
Наурыз келді, Күлеке, байқадың ба, Қатығыңды түндегі шайқадың ба. Құлшынасың толқындар алып қашып, Құлаш ұрған баладай қайта ағынға.
Бәйшешек. Тұманбай Молдағалиев Бәйшешек. Тұманбай Молдағалиев
«Жер жылыды, сен де жылы» дегендей, Күннің ыстық шұғыласына бөленбей, Қар астынан қылтияды бәйшешек, Тұрмақшы боп ешбір көзге еленбей.
Жалғыз қайың. Тұманбай Молдағалиев Жалғыз қайың. Тұманбай Молдағалиев
Жалғыз қайың, сені көрсем, жабығам, Қайдағы бір өткенімді сағынам. Жалғыз тамшы жас жанардан төгілген, Жалғыз жапырақ ерте үзілген бағынан.
Ақылгөй ата әр үйде Ақылгөй ата әр үйде
Ақылгөй ата әр үйде, ақылын айтып сәбиге Күндегісінен биіктеп, күндегісінен кеңи ме? Жылындап шыққан жас ақын кезіккен жерде қол жайып, Жақсылық
Күзгі жаңбыр Күзгі жаңбыр
Қоңырқай күздің аспаны Бүркенді бұлтты қап - қара. Нажағай ойнай бастады – Маңайда, алыс жақта да.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×