ойын сауық отауы
Жалғыз қайың. Тұманбай Молдағалиев
07.03.2017 2 588 0 Дауыл

Жалғыз қайың. Тұманбай Молдағалиев

Өлеңдер
Тұманбай Молдағалиев өлеңі

Жалғыз қайың
Жалғыз қайың, сені көрсем, жабығам,
Қайдағы бір өткенімді сағынам.
Жалғыз тамшы жас жанардан төгілген,
Жалғыз жапырақ ерте үзілген бағынан.

Жалғыз қайың, мен де сендей жалқы едім,
Бір әулеттің кенжесі едім, арты едім.
Қорқа - қорқа, ұзатты анам сапарға,
«Жалғызымды періштелер қақ менің» -

Дейтін еді – ақ тілегі оның бұл,
Оған куә мынау аспан көгілдір.
Жалғыз қайың, көрген сайын өзіңді,
Көңілім босап кетуші еді менің бір.

Қайдан келдің, бұл өлкеде бөтенсің,
Жалғыздықтың жырын айтып өтерсің!
Жалғызынан айрылған бір ананың
Жалғызына ескерткіші ме екенсің.

Бүгін біздер көңіліміз бай халық,
Ормандай боп, өсіп кеттік жайқалып.
Бар дүниеден оңаша бір қалғанда,
Көз алдымда сен тұрасың шайқалып.

Тұманбай Молдағалиев басқа өлеңдері

Қыран құс. Тұманбай Молдағалиев Қыран құс. Тұманбай Молдағалиев
Бақыттысың, қыран құс, Бақытыңда шек бар ма. Тағдырыңа айтасың ғой мың алғыс Аспан барда, көк барда.
Алғашқы қар Алғашқы қар
Дала бүгін ақ ала, дала бүгін шағала, Қонып жатыр шағала, менің келіп жағама. Аспан мен жер арасы алым - беріс қозғалыс, Қарауытар маңайың қадағанмен
Жайлауда Жайлауда
Жайлау ғой мынау жарасқан Арал – төбе бауыры. Төбеден неге әрі асқан Сәулешімнің ауылы
Бір шоқ емен Бір шоқ емен
Кештер, кештер, жазғы кештер Өтіп жатыр жанға жайлы. Көз алдымда жақсы елестер, Бір тәтті үшін құшақ жайды.
Ай да бүгін аласарып Ай да бүгін аласарып
Ай да бүгін аласарып төбемізден сөнеді, Сәулешімді ұлықсатсыз қайта - қайта көреді. Көлегейлеп жабар едім албыраған жер жүзін, Бірақ менің өзімнің де
Танысқанда сен он бес - ақ жаста едің, Танысқанда сен он бес - ақ жаста едің,
Танысқанда сен он бес - ақ жаста едің, Мен де сонда өзгеше едім, басқа едім. Тұрдың үнсіз дәл алдымда мөлтілдеп, Мөлдір көзден үзіліп түскен жас па
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×