ойын сауық отауы
Төлдердің атаулары
15.03.2017 5 418 0 Дауыл

Төлдердің атаулары

Өлеңдер
Абдрахман Асылбек

Жан – жануарлар
Төлдердің атаулары


Түйе – бота
Жылқы – құлын
Сиыр, қодас – бұзау
Қой – қозы
Таутеке, ешкі – лақ
Есек, құлан – қодық
Арқар – қозықа
Киік – құралай
Бұғы – бұғышақ
Құндыз – құнай
Қоян – көжек
Аю – қонжық
Суыр – шөңделей
Марал – қодыға
Тауешкі – жусақ
Доңыз – торай
Қасқыр – бөлтірік
Ит – күшік
Түлкі – жаутаң
Мысық – мысықай, марғау
Аққу – көгілдір
Қаз – балапан
Тауық – шөже
Үйрек – шүрегей
Марал – лақ
Жолбарыс – шөнжік
Арыстан – алан, абдан
Қаз – мамыр
Елік – еңлік

Кім қалай дауыстайды?

Әтеш – шақырады,
Есек – ақырады,
Аю – бақырады,
Тауық – қыт - қыттайды,
Бөдене – бытпылдықтайды,
Шыбын – ызыңдайды,
Шіркей – ызылдайды,
Қарға – қарқылдайды,
Қаз – қаңқылдайды,
Бақа – бақылдайды,
Үйрек – барқылдайды,
Бүркіт – шаңқылдайды,
Сұңқар – саңқылдайды,
Сауысқан – шақылдайды,
Шағала – шаңқылдайды,
Қой – маңырайды,
Қозы – жамырайды,
Қасқыр – ырылдайды,
Борсық – қырылдайды,
Байғыз – шұрылдайды,
Тырна – тыраулайды,
Мысық – мияулайды,
Жылан – ысылдайды,
Кейбір аң – пысылдайды,
Ит – арсылдайды,
Торай - қорсылдайды,
Аққу - қиқулайды,
Тышқан – шиқылдайды,
Шегіртке – шырылдайды,
Тауық – қырқылдайды,
Қырғауыл – құрқылдайды,
Қарлығаш – шықылықтайды,
Бура – бұрқылдайды,
Жолбарыс – күркірейді,
Күркетауық – күркілдейді,
Ара – дызыңдайды,
Сона – дызылдайды,
Инелік – тызылдайды,
Маса – ызыңдайды,
Көкек – көкектейді,
Көгершін, үкі – уілдейді,
Бұлбұл сайрайды,
Әупілдек – әупілдейді,
Жылқы – кісінейді,
Сиыр – мөңірейді,
Түйе – боздайды.

Аңшылық, саятшылық туралы мақал-мәтелдер Аңшылық, саятшылық туралы мақал-мәтелдер
Қаршыға қанжыға қызартады, Ителгі етек былғайды.
Жыл санау Жыл санау
Жылдармен таныс: Тышқан, Сиыр, Барыс. Әрі қарай бұдан: Қоян, Ұлу, Жылан.
Құстар Құстар
Алманы қарға шоқиды, Көкқұтан кітап оқиды. Ұшып кеп ағаш басына, Ала сауысқан қоқиды.
Қарға мен бүркіт Қарға мен бүркіт
Қой жайылып жаздыгүн Шыққан екен қияға. Аспаннан бүркіт құйқылжып, Сорғалап келіп ыраға, Бір қозы іліп ап кетті Құздағы қиын ұяға.
Қайран Қарасазым - ай! Қайран Қарасазым - ай!
Тамаша еді жазғы орман Құстар сайрап, мәз болған. Көлшіктерде, суларда, Үйрек ұшып, қаз қонған.
Туған жер Туған жер
Бұл жарыққа аяқ басып туған жер, Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер. Жастық - алтын, қайтып келмес күнімде Ойын ойнап, шыбын - шіркей қуған жер.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×