ойын сауық отауы
Керек осы адамға
17.06.2016 2 977 0 Дауыл

Керек осы адамға

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Керек осы адамға?
Бүгін бе, болашақ па?!
Ақылгөй кәрілік пе, бала шақ па?!
Қиын - ау, өзің жатып жерошақта,
Жансыз тән, жанарсыз көз - болашақта.
Әлде өмір сүрмекпісің бүгініңмен?!
Бүгіндік тірлік қуып, жүгірумен,
Өтпекпісің?!
Қолыңды бір - ақ сілтеп,
Ұмытып болашақты түңілумен?!
Күн кешіп жығылумен, сүрінумен?!
О, өмір!
О, неғылған сиқыр едің,
Қалай - қалай соғады құйты желің?!
Діңкелеп, шаршап келіп жантайғанда,
Тәтті бір түс көрсеткен ұйқы ма едің?!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Сәлемдеме Сәлемдеме
Менен сәлем айтқайсың сұрағанға, Сұрағайсың, үй - іші дін аман ба. Өмір кешіп жатыр де ол да өзінше, Тірлік керек, әрине, тірі адамға.
Соқ, жүрек! Соқ, жүрек!
Бұзбай соққын ырғағыңды Сыңғырлаған сиқырлы үн естиін, Бұрап қой босап қалған сымдарыңды. Қалай - қалай соғасың, қан - жүрегім?!
Серіксіз бе едің, құрбыжан? Серіксіз бе едің, құрбыжан?
Сен әлі серіксіз бе едің, Серіксіз бе едің, Құрбыжан? Өтіпті - ау айлар, еріксіз жылдар жылжыған. Жападан - жалғыз, Жауатын күндей тұнжырап,
Сен әлі тірі ме едің? Сен әлі тірі ме едің?
О, Махаббат! Сен әлі тірі ме едің!? Көзімнен ғайып болған күнім едің, Гүлім едің... Елтіген түнім едің, О, Махаббат! Сен әлі тірі ме едің!?
Махаббат диологы Махаббат диологы
- Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің? - Сені іздеумен мәңгілік өтер едім. - Отқа түсіп өртенсем, не етер едің? - Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.
Автограф Автограф
Автограф Көрер едің, Шаламын ба, отпын ба, Білер едің, Ақынмын ба, жоқпын ба?... Кектендірген хан Жәңгір де жок, мұнда, Кектенетін Махамбет те жоқ
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×